BI Group Түркістандағы жаңа ғимараттардың құрылысын бастады
18 қаңтар 2019

BI Group жаңа облыс орталығында әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтардың құрылысына кірісті. 2020 жылдың желтоқсанына дейін стадион мен медиа орталық салу жоспарланып отыр. Объектілердің құрылысын вице-премьер А. Мамин мен BI Group-тың бірінші басшылары қадағалады. 7 мың орынды жаңа стадион қаланың іскерлік орталығында орналасады, оның аумағы 33,3 мың шаршы метр.
Климаттық жағдайлар назарға алынды және құрылыста тек жоғары сапалы табиғи материалдар қолданылады. Ғимараттар LEED / GREEN жасыл технология стандарттары бойынша салынады.
Диас Әділханов, жоба жетекшісі:
- Біз құрылыс жұмыстарына 1500 жергілікті тұрғынды тартуды жоспарлап отырмыз және жергілікті компаниялармен бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.