BI Group «Парк авенюдің» эксклюзивті түрін ұсынды

        13 ақпан 2018

        Жап-жаңа, заманауи, бизнес-санатты Park Avenue Exclusive тұрғын үй кешенінің құрылысы іске қосылды.

        Жанұяңызбен жоғары жайлылықтағы, қайталанбас сәулетімен ерекшеленетін үй іздеп жүрсеңіз – Park Avenue Exclusive сіз үшін тамаша таңдау!

        Бұл бәрімізге белгілі Park Avenue тұрғын үй кешенінің соңғы жобасы. Елордамыздың ең таңдаулы ауданында, Түркістан мен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында орналасады. Жанында - Ботаникалық саябақ. Бірер қадам жерде мектептер, медициналық мекемелер, Астана арена, «Алау» мұз айдыны, «Сарыарқа» велотрегі бар.

        Кешен ауыспалы 12, 14 және 16 қабатты, пәтерлердегі төбенің биіктігі – 3 метр, ал кеңселердегі төбенің биіктігі – 4,5 метр, әр қабаттағы пәтер саны 2-4.


        «Кішкентай» тұрғындар үшін! Жобаның басты бөлігі – заманауи, жабық, жылы, 96 шаршы метр балалар бөлмесі. Суық күндері үйдің ең жас тұрғындары уақыттарын тиімді өткізе алады. Бөлме барынша қауіпсіз, бейнебақылау камераларымен жабдықталған, оған тек осы үйдің тұрғындары кіре алады.

        Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін әр кіреберісте бесік арбалар бөлмесі болады. Әсіресе, жас ата-аналар үшін!

        Келген қонақтар үшін бұл үйдің есігі әрдайым ашық! Ал бөгде адамдардың кіріп кетуінен сақтайтын тәулік бойы бейнебақылау және қосымша IP домофон бар, ол сіздің ұялы телефоныңызға қосылады. Бұл тұрғын үй кешендегі пәтерлердің шаршы метрінің бағасы 360 мыңнан 380 мың теңгеге дейін.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.