Елдегі ірі құрылыс компаниясы серіктестер форумында не талқылады

        22 мамыр 2023

        Елордада BI Group холдингінің «Сенімділік. Тиімділік. Сапа» тақырыбында ІХ серіктестер форумы өтті. Девелопердің дәстүрге айналған іс-шарасына бес жүзден астам компаниялардың өкілдері қатысты. Қонақтар үшін күтпеген жағдай – танымал америкалық Lean-эксперт Пол Эйкерстің тренингі.

        BI Group басқарма төрағасы Асхат Омаров бизнес-серіктестерге берекелі істері үшін алғыс білдірді, сонымен қатар трендтерді тани білу және компания әрекетін жоспарлай алудың маңыздылығын атап өтті.

        BI Group-тың 2023 жылдың екінші жартысында жоспарланған сатып алу айналымының көлемі аудиторияның қызығушылығын тудырды - бұл шамамен 700 млрд теңге. Құрылыс компаниясы әлеуметтік жауапты компания болғандықтан,  бұл көлемді игеруді серіктестеріне сеніп тапсырады. Осылайша, мердігерлік ұйымдардың мыңдаған қызметкерлері жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

        BI Construction&Engineering компаниясының бас директоры Марат Корпитанов қазір жүзеге асып жатқан және жоспарланып жатқан жобалардың географиясы туралы айтты, сонымен қатар бір жылға жоспары мен мақсаттарымен бөлісті. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінің, зауыттардың жолдардың және т.б. құрылысы жалғасады.

        Серіктестермен ынтымақтастық ауқымын тұрғын үй құрылысы саласындағы сатып алу көлемі де көрсетеді. Жаңа тұжырымдаманың арқасында BI тек үйлерді тұрғызып қана қоймай, қала тұрғындарының өмірін қолайлы етуге жағдай жасайды. Жыл сайын бигвильде мектептер, саябақтар мен алаңдар пайда болады, BI Kids балабақшалары мен көршілер орталықтары іске қосылады. BI Development компаниясының бас директоры Амангелді Омаров қоршаған ортаға қамқорлықпен эко-құрылыс материалдарына басымдық берілетінін атап өтті.

        "Біз бұл форумды біздің өнімді құруға қатысатын компаниялардан кері байланыс алу үшін өткіземіз. Осылайша біз мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырамыз және жұмыс сапасын жақсартамыз. Біздің басты құндылығымыз - клиент және оның жайлылығы.  Сондай-ақ форумның маңызды тақырыбы - ұзақ мерзімді ынтымақтастық, біз серіктестеріміз өздерінің ресурстары мен уақытын жоспарлауы үшін алдағы жылға арналған жоспарларымызбен бөлістік", - деп атап өтті Амангелді Омаров.

        Холдинг серіктестері үшін BI-мен өзара әрекеттесу бойынша кейбір жаңалықтар бар. Мысалы, үшжақты шарттар жасасумен серіктестер арқылы ТМҚ сатып алуды енгізу. Сонымен қатар, серіктестіктің келесі сатысына айналған бизнес-серіктестер Кеңесі (БСК) өз қызметін қайта бастайды.

        Іс-шара аясында қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісіп, кездесулерді жоспарлауға мүмкіндік алды.

        "Біз BI Group-пен 7 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және осындай кездесулерге үнемі қатысамыз. Біз үшін бұл платформа тұтынушылармен жақынырақ танысу, сондай-ақ басқа серіктестер арасында жаңа байланыстар орнату мүмкіндігі. Жылдар бойы біз осындай форумдарда айтылған серіктестердің ұсыныстары жүзеге асқанын өз көзімізбен көрдік", - деп бөлісті форумға қатысушы.

        Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлімі - үнемді өндіріс бойынша сарапшы Пол Эйкерстің тренингі болды. Бұл lean саласындағы әлемдегі ең беделді маман, ол өз кәсіпорнында жапондық корпоративтік мәдениетті үздіксіз жақсарту және үнемді өндірісті енгізді. Пол Toyota, Starbucks, Lumen Electronics және т.б. сияқты конгломераттарға консультациялар береді. BI Group-тың жобаларындағы Lean технологияларын енгізуде 2015 жылдан 2017 жылға дейін көмек беріп, бағыттаған Эйкерс болатын. Ал 2016 жылы қазақстандық құрылыс компаниясының қызметкерлері Жапонияға Toyota зауытына барды, ол зауытта 73 жыл бұрын әлемде алғаш рет өндірісті оңтайландыру бойынша тәжірибелер басталған.

        Спикер кәсіпкерлерге бизнес-процестерді жақсарту және Lean және кайдзен мәдениеттерін енгізу мүмкіндіктерін айтып берді.

        BI Group серіктесі болу үшін негізгі бес қағиданы ұстану керек:

        • Клиентке бағытталған компания болу;
        • Сұрақтарды шешуде инновациялар ұсыну
        • BI Group құндылықтарын ұстану
        • «Жұлдызай» корпоративті қайырымдылық қоры мен BI University оқу бағдарламаларына белсенді қатысу
        • Мобильді, жаңашылдыққа ашық болу

         

        Тендерлер мен сатып алу процестеріне bnect.pro порталы арқылы қатысуға болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.