BI Group-тан ипотекамен қалай үй алуға болады?
BI Group-тан ипотекамен қалай үй алуға болады?
Бұл жайында «Сбербанк», «Банк ЦентрКредит», «АТФБанк» және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдерінің қатысуымен болған клиенттермен кездесуде айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, біздің тұрғын үй кешендердегі пәтерлерді 100% төлем жасау арқылы немесе құрылыс аяқталғанға дейінгі пайызсыз бөліп төлеумен ғана емес, ипотека көмегімен сатып алуға болады. Компания жоғарыда аталған банктермен жұмыс жасайды.
Егер, ипотеканы«Сбербанк» немесе «Банк ЦентрКредит» арқылы алсаңыз, ең төменгі бастапқы жарна 30%. Қарыз мерзімі – 180-240 ай. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қарыз мерзімі 180 ай, бастапқы жарна 30%-дан басталады және қарыз сомасы 20 млн теңгеге дейін. Пайыз мөлшерлемесі – 16%, оның 6%-ын мемлекет субсидиялайды.
«АТФ Банк» «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінен пәтер алам деушілерге бастапқы жарна 20%, қарыз мерзімі 180 айға дейін болатын ипотека ұсынады. Пайыз мөлшерлемесі – 7%-дан басталады. Айтпақшы, қазір ондағы пәтерлердің бағасы – ш.м 395 000 теңге.
Сонымен қатар, BI Group «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» де жұмыс жасайды. Әрине, егер сіз сатып алатын пәтеріңіздің бағасының 50%-ын жинасаңыз, осы тұста айта кету керек егер пәтерді «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» немесе Сбербанк арқылы алсаңыз, BI Group белгілі бір пәтерлеріне 4% жеңілдік береді.