BI Group пен Риэлторлық деректер банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

BI Group Риэлторлық деректер банкінің командасымен ұзақ мерзімді серіктестік туралы келісімге қол қойды. РДБ – бұл жылжымайтын мүлік агрегаторы және CRM (клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі), ол риэлторлар мен жылжымайтын мүлік агенттіктеріне көмектесетін көптеген құралдарды ұсынады. Жүйенің артықшылығы әр 5 минут сайын үйлердің жаңа нұсқалармен толығатындығында. Бағдарлама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал және Өскемен қалаларындағы барлық танымал көздерден алынған ақпаратты өңдейді.
Серіктестік аясында РДБ-де риэлторлық банктің барлық клиенттеріне қолжетімді BI Group компаниясының өзекті объектілерінің витринасы және CRM жаңартылған функционалы ұсынылады.
"Біз жоғары сапалы, сұранысқа ие өнімдер шығаратын BI Group компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз және осы деңгейге сәйкес болғымыз келеді. Серіктестік біздің клиенттеріміз үшін сервистің құндылығын арттыруға көмектеседі деп сенеміз", - дейді РДБ директоры Дулат Сабырбаев.
Сондай-ақ, бұл серіктестік жылжымайтын мүлік агенттіктерімен және риэлторлармен өзара әрекеттесуді цифрландыру процестерін жеделдетеді.
"Қазір технологиялардың қарқынды өсу кезеңі және біз Қазақстан мен әлемде инновациялық жобаларды іске асыратын жігерлі командалармен белсенді серіктестікті қолдаймыз", - деп атап өтті BI Group холдингінің IT директоры Нариман Мұқашев.
РДБ жүйесін жеке риэлторлар да, ірі жылжымайтын мүлік агенттіктері де пайдалана алады.