BI Service тұрғын үйлерін «бақша-қалаға» айналдырмақ

        15 қараша 2017

        Астана – сәулет жағынан көрікті мегаполис. Кейбір адамдардың бас қаламызды «бетонды джунгли» деп атайтындары да өтірік емес. Шын мәнінде, жасыл желек қаламызда әлі жеткіліксіз. Дегенмен, бұл мәселеге тек қалалық билік көңіл бөліп жатқан жоқ. Тек BI Group компаниясы өз тұрғын үй кешендерінде осы жылы 1834 ағаш отырғызды және «Астана триатлон паркінде» шамамен 3000-ға жуық ағаш. Әсіресе, Village Service объектілерінде осы күз айында – 1300 ағаш отырғызылды.

          Біздің алғашқы сапарымыз Comfort Town-2 тұрғын үй кешенінен басталды. Бұл жайында толығырақ Village Service директоры Рауан Жангалиев айтып берді.

        • Мұнда ең алғаш рет келгенімде, бірінші кезекте бос алаңқайларға назар аудардым. Шағын болып көрінгенімен, ұсқынсыз көрінетін, сондықтан бұл жерде аллея жасауды шештік. Екі қатар ағаштар отырғыздық: қарағай мен қайың бір қатарда, ал екінші қатарда – теректер. Келесі жылы тағы бір қатар жасаймыз, ал олардың арасында бұталар болады. Біздің бұл жұмысымызды көріп, тұрғындар көгалдандыруға кірісе бастады. Ақша жинап, оған қарағай мен жұпаргүл көшеттерін сатып алдық, - дейді сервис директоры.

          Ауладағы мәселе сәл қиынырақ болды. Жер астында – паркинг, ал топырақтың қалыңдығы 30 сантиметр. Бұдан да шығар жолды таптық. Итмұрын, қарлыған, тағы қызғалдақ көшеттерін отырғызуға болатын құмыралар орнаттық. Осы жылы компания он түрлі сорттан 1600 бадана сатып алды.

        Deluxe Town-ның көркі – оның әдемі раушан гүлдері. Ауа-райының салқындығына орай пакеттермен жабылған. Ал әзірге қысқы уақытта бұл қалашықтың көркі оның қылқан жапырақты ағаштары, онымен қоса отырғызылған тағы 130 түп ағаш бар.

        BI Town ұраны: «Жарқын қалашық». Бұл мұндағы үйлердің әдемі фасадын ғана емес, оның тұрғындарын да суреттеп тұр. Мысалы, Элла Павлова өз үйінің жанында алма, шие және басқа да ағаштардың сұрыптарын отырғызған.

        Данира есімді жас ана, балаларын кішкентайынан табиғатқа деген сүйіспеншілікке үйретеді, олармен бірге ол 2 қарағай отырғызды:



        Және соңғы пункт – өзінің жайлылығымен еуропалық қалалардың сәулетін еске түсіретін Garden Village. Бұл біздің сұхбаттасушымыз үшін ерекше жер. Осы бір сәтте немере інісінің өмірге келгенін естіген Рауан костюмін шеше сала, ағаш отырғызды. Жаңа өмірдің басталғандығын білдіретін символ ретінде.. Бұл жайлы қалашықты жан-жағынан жасыл белдеу қоршайды, алайда ағаштар көп өсе бермейді. Айжан Коспаева бұл қалашықтың алғашқы тұрғындарының бірі, осыдан екі жыл бұрын мұнда ағаштардың аз болғанын, ал осы күзде көп көшеттер мен бұталардың отырғызылғанын айтады.

        Біздің сапар осымен аяқталды, ауасы тар «офисымызға» оралғымыз келмеді. Сондықтан да жаңа жылда балалар мен ересектер үшін мерекелік шаралар өткізілетін бұл бақытты қалашық тұрғындарының шақыртуларын қабыл алдық, оның үстіне көктемде біздің көгалдандыру жұмыстарының жемісін көру тағы да бар.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.