BI Group елордада үшінші сату бөлімін ашты

        1 сәуір 2021

        Енді Capital Park тұрғын үй кешенінде орналасқан BI Group компаниясының жаңа сату бөлімінде пәтер сатып алуға, ипотека рәсімдеуге және smart remont-қа тапсырыс беруге болады.

        Пандемияға байланысты BI Group құрылыс компанияларының ішінде ең алғашқы болып пәтерді онлайн режимде сатып алу мүмкіндігін іске асырды. Мыңдаған клиенттер осы мүмкіндікті пайдаланып,  аталмыш операцияларды оңай жүргізді. Тек 2021 жылдың ақпан айының өзінде барлық шарттардың 93%-ына онлайн режимде қол қойылды. Дегенмен, дәстүрлі форматты ұнататын клиенттер де бар.

        "Ауруды жұқтыру қаупін азайту, адамдардың көп жиналуын болдырмау, сондай - ақ клиенттердің ыңғайлылығы үшін біз аумақты кешенді игеру аудандарында тікелей сату бөлімдерін ашуға шешім қабылдадық", - дейді сату департаментінің директоры Әсел Қажымұратова.

        Компания аумақтарды кешенді игеруге кірісті (КОТ). Осындай жобалардың бірі Президент саябағына қарама-қарсы жүзеге асырылуда. Мұнда 10 тұрғын үй кварталы, 4 мектеп және басқа да маңызды нысандар, соның ішінде компанияның жаңа сату бөлімдері салынады.

        Алғашқы "қарлығаш" – бұл Capital Park тұрғын үй кешенінде өз есігін ашса, ендігі сату бөлімі Sezim Qala тұрғын үй кешенінің төртінші кезегінде ашылады.

        Жаңа, жайлы үйде орналасқан сату бөлімінің тағы бір артықшылығы бар. Клиенттер тұрғын үй сатып алатын және Президенттік саябаққа жақын орналасқан үйдің сапасын бірден бағалай алады.

        Сату бөлімі Керей Жәнібек хандар көшесі, 50 мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс уақыты: 09 - дан 20.00-ге дейін. Демалыс күндері  10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет алуға болады. 

        Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін алдын-ала кеңес алуға жазылу ұсынылады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.