Қазақстандағы Hilton қонақүйлері беделді халықаралық сертификаттаудан өтті

Hilton Astana, Hilton Garden Inn,
Hampton by Hilton Garden Inn Astana және Hampton by Hilton Turkistan қонақүйлері
Great Place to Work (тамаша жұмыс орны) сертификаттауынан сәтті өтті.
Алан Стокер, Hilton Astana қонақүйінің бас
менеджері:
«GPTW сәтті сертификатталуымыз
Hilton желісіндегі біздің негізгі активіміз – жоғары құндылықты, жайлылық пен
қызметкерлердің қанағаттану деңгейін көрсетеді. Бұл өз кезегінде клиенттерге
қызмет көрсету деңгейіне және бизнестің дамуына тікелей әсер етеді. Hampton by
Hilton брендінің қонақүйлері жоғары сапалы қызмет көрсетуімен, жайлы бөлмелерімен
және туристік нарықтағы мінсіз беделімен ерекшеленеді. Біз Hilton туралы
Қазақстан мен басқа да елдердегі ең үздік жұмыс орны деп сенімді түрде айта
аламыз».
Great place to Work дайындаған сертификатталған
зерттеу халықаралық деңгейде ең беделді жобалардың бірі болып табылады және
арнайы әзірленген әдіснаманы пайдалана отырып, компаниядағы жұмыс барысының
объективті шындығын көрсетеді, оның аясында басқаруға, саясатқа және практикаға
қатысты қызметкерлер бөліміне аудит жүргізіліп, жұмыс, еңбекті қорғау және
ұжымдағы өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша қызметкерлерге арналған
консультациялық бағдарлама іске асырылады.
Жұмыс берушіге деген сенім деңгейі,
қызметкерлерге қамқорлық жасау және компанияның инклюзивті мәдениетін дамыту
дәрежесі Great place to Work-тың басты критерийлеріне жатады.
Бұдан бұрын үздік жұмыс берушілердің әлемдік
байқауында Hilton халықаралық қонақүйлер желісі жалпы штат саны 4 миллионнан
астам қызметкері бар жетекші әлемдік компаниялардың арасынан таңдалған болатын.
Hilton-ның әртүрлі елдегі табысты сертификатталуы
қонақүй саласындағы 25 үздіктер арасынан Worlds Best Workplace қонақүйлер
желісінің үздік үштік қатарына (DHL Express және Cisco-мен бірге) жалғыз
компания ретінде кіруіне ықпал етті.
Хилтон Президенті әрі Бас атқарушы директоры
Кристофер Дж. Нассетта желі қызметкерлеріне Сovid-19-бен күресудің тағы бір
қиын жылында адалдығы мен табандылығы үшін алғыс айтты. Хилтон биыл әлемдегі ең
жақсы жұмыс орындарының тізімінде үшінші орынға ие болды және пандемия дәуірінде
қонақүй индустриясы ең көп зардап шеккеніне қарамастан, алдыңғы қатарда болып
қала берді.
Анықтама
Hilton – әртүрлі санаттағы қонақүйлердің 17
брендін қамтитын әлемге әйгілі қонақүйлер желісі. Желі бүкіл әлем бойынша
6000-нан астам қонақүйді қамтиды.
Қазақстандағы Хилтон қонақүйлер желісін BI Group
инновациялық құрылыс холдингі салып жатыр. Компания өз қызметін 1995 жылдан
бастап жүргізіп келеді, 26 жыл ішінде кәсіби және сенімді серіктес ретінде беделге
ие болды. Әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының ENR Top 250 Global
Contractors рейтингіне кіреді.
Компанияның стратегиясы – Орталық Азияда Hampton
by Hilton 10 қонақүйін салу туралы Hilton Worldwide компаниясымен жасасқан бас
келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстанда Hilton қонақүйлер желісін салу.
Алдағы 5 жылда бұл келісім іске асырылатын болады.
Холдинг 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Hilton
Astana, 2020 жылы Қазақстанның рухани астанасы – Түркістанда Hampton by Hilton
Turkistan қонақүйін салды. Компания қазіргі уақытта Ташкент қаласында Hampton
by Hilton халықаралық желісінің жалғасы ретінде Tashkent Park Abdula Kodiri
қонақүйін және тағы біреуін Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласының
жаңа туристік орталығында салып жатыр.
BI Group 2020 жылғы наурызда бес жұлдызды Hilton
қонақүйін карантиндік ауруханаға тегін пайдалануға берген болатын.