Тағы бір тұрғын үй кешені кепілсіз ипотекаға ие болды

        21 қазан 2019

        Тағы бір тұрғын үй кешені кепілсіз ипотекаға ие болды

        «Нұра-Есіл» арнасына жақын маңда салынып жатқан жаңа Besterek тұрғын үй кешені - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының» кепілдігіне ие болды. Енді клиенттер пәтерді кепілсіз ипотекамен ала алады. Яғни, сіз алатын пәтердің өзі кепіл болады. Бірақ бұл үйдің жалғыз артықшылығы емес.
        Комфорт класты тұрғын үй кешені экологиялық жағынан таза ауданда, 29 және 356-шы көшелерінің қиылысында салынады. Бірінші кезекте 308 пәтер, 101 орынды автотұрақ және 24 кеңсе жоспарланған. Әр қабатта 4-6 пәтер. Өтпелі кіреберістер. Терезе ойықтары – 180 см.
        Тағы бір артықшылығы – бөлмеаралық қабырға гипсокартоннан жасалған. Алдымен нарық бұл жаңалықты сақтықпен қабылдады, бірақ тұрғындардың көпшілігі боның ыңғайлы екенін түсінді. Біріншіден, қабырға теп-тегіс, артық қоспа жағып, шығындалмайсыз. Екіншіден, гипсокартон оңай жөнделеді, яғни сіз бөлмелерді оңай біріктіре аласыз.
        Ата-аналар үшін жақсы жаңалық: үйден бірер қадам жерде мемлекеттік балабақшаға учаске бөлінген, бұл туралы елордалық білім басқармасынан білуге болады.
        Құрылыс ауданында теректер көп өсуде. Бірақ жоба командасы бірнеше пирамида тәріздес теректерді отырғызбақ, бұл мамықтың пайда болуын болдырмайды, ал кешен өз атауына сәйкес болады – Besterek.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.