Құрылыс компаниясы қор биржасында облигацияларды орналастырды

        2 сәуір 2021

         BI Group компаниялар тобына кіретін «Мегастрой лтд» ЖШС 2021 жылғы 31 Наурызда АХҚО алаңында жалпы көлемі 6,1 млрд. теңге болатын қысқа мерзімді облигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды. «Jýsan Invest» АҚ қаржы кеңесшісі және шығарылым андеррайтерінің қызметін атқарады.

         Осы орналастыру Қазақстанның құрылыс индустриясындағы алғашқы және ірі дебюттік нарықтық мәмілеге айналып, жергілікті қор нарығындағы маңызды оқиға болып табылады. Индустрия көшбасшысы - BI Group инновациялық құрылыс холдингінің қол жеткізген нәтижелері қазақстандық корпоративтік сектор үшін жаңа бағдар беріп, эмитенттер үшін де, инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

         Облигацияларды шығаруды BI Group компаниялар тобына кіретін, нарықта белсенді құрылыс салушы болып табылатын «Мегастрой лтд» ЖШС жүзеге асырды және бас мердігерлік келісімшарттар бойынша «Жыл мезгілдері», «Виват Променад», «Ray Residence», «Атлант» және т.с.с. көптеген тұрғын үй кешендерінің құрылысын сәтті жүзеге асырды.

         BI Group қор нарығы арқылы қаражат тарту топтың барынша «ашық» және «айқын» болуына мүмкіндік беретінін, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ұстануға және бизнесті жүргізудің этикалық қағидаттарын дамытуға көмектесетінін атап өтті. Қор алаңы ретінде ағылшын құқығына сәйкес жұмыс істейтін АХҚО биржасы анықталды. «Қор биржасын таңдау кезінде BI Group компаниялар тобы шетелдік инвесторларды қоса алғанда, барлық мүдделі инвесторлардың қатысу мүмкіндігін ескерді. Бұл жолы инвесторлардың негізгі бөлігін жергілікті жеке инвесторлар құрады, бірақ біздің Холдинг жобаларды Қазақстаннан тыс жерлерде де жүзеге асырады, сондықтан біз халықаралық инвесторлардың келесі шығарылымдарға қатысуы мүмкін деп ойлаймыз», - деп BI Group басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Алмас Лепесбаев атап өтті.

         Бұл орналастырудың айрықша ерекшелігі оған жеке инвесторлардың белсенді түрде қатысуы болып табылады, себебі Холдинг облигацияларды орналастыру кезінде жеке инвесторлардың басым көпшілігін жинай алды. Осы орналастырудың нәтижелері BI Group құрылыс тобына халықтың жоғары сенімін көрсетеді. «Эмитенттің облигацияларын дебюттік орналастырудың сәттілігі, бірінші кезекте BI Group брендінің танымалдылығы мен беделінің жоғары болуына байланысты, сондай-ақ барлық қағаздарға табысты түрде қысқа мерзімді инвестициялау мүмкіндігі қосымша бонус болып табылды», - деді «Jýsan Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Кабанов.

         «Jýsan Invest» АҚ орналастыру сұраныстың ұсыныстан едәуір артық болғанын, сол себепті инвесторлардың сұранысын барынша қанағаттандыру үшін орналастыру сомасын барынша ұлғайтуға тура келгенін атап өтті. «Мегастрой лтд» ЖШС облигациялар шығарылымынан тартылған барлық қаражатты жалпы корпоративтік қажеттіліктерге және өзінің негізгі қызметін қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр.

         Облигациялардың шығарылымы 6,1 млрд теңгені (6,1 млн дана) құрады, айналым мерзімі 12 ай (өтеу күні – 2022 жылғы 31 наурыз). Бір қағаздың номиналдық құны 1000 теңгені құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18 %-ды құрады. Купонды төлеу мерзімділігі - жарты жылда бір рет.

         Эмитент үшін алғашқы орналастыру болғанын ескере отырып, өз инвесторларына толық сенімділік беру үшін шығарылған облигациялар бойынша «BI Group» брендімен жұмыс істейтін компанияларды біріктіретін «BI-Holding» ЖШС холдингтік компаниясы ортақ кепілгер болды. BI-Holding-тің барлық шоғырландырылған қаржылық есептілігі ҚЕХС-ның қағидаттары бойынша қалыптастырылады,  ал аудитті үлкен төрттіктен тұратын KPMG компания желісі жүзеге асырады

         «Мегастрой лтд» ЖШС 2007 жылы құрылған, бизнес-орталықтар, сауда-ойын-сауық кешендері, тұрғын, мәдени және әлеуметтік нысандар салумен айналысады. Негізгі акционер - «BI-Development» ЖШС, оған компания акцияларының 99%-ы тиесілі.

         

         

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.