BI Service Tamerlan Residence тұрғындары үшін мереке ұйымдастырды

Сенбі күні BI Service басқарушы компаниясы Шымкенттегі Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін «чил дэй» ұйымдастырды. Өмірде мерекеге әрдайым орын бар, тамаша демалыс пен кездесулер үшін себеп болуы міндетті емес.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды бір-бірімен таныстыру әрі біріктіру, отбасыларға бос уақыттарын кешеннен шықпай-ақ пайдалы өткізуге және жылы кездесулер өткізуге мүмкіндік беру.
Әр жастағы тұрғындар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. BI Chess акциясы аясында балаларға шахмат ойнау мүмкіндігі ұсынылды. Турнирде 70 жас қатысушы нағыз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар мерекеге аниматорлар мен бет бояйтын суретшілер шақырылды. Тұрғындар дастарқан басында көкейтесті мәселелерді талқылап, бір-бірімен жақынырақ танысты.
11 жасар Арман өз әсерімен бөлісті:
«Сенбі керемет басталды! Әдетте, біздің демалыс күндеріміз бір-біріне ұқсайды, есте қаларлық ештеңе жоқ, бірақ бүгін нағыз мереке болды! Маған шахмат турнирі ұнады, енді достарымызбен футбол емес, шахматты жиі ойнауға келістік. Әпкем бет бояуынан ерекше әсер алыпты. Біз бұған дейін мұндай мерекелерге қатыспағанбыз. Осындай көңілді кездесулер жиірек болып тұрсыншы! Ұйымдастырушыларға рақмет!»