Capital Park құрылысы жоспарға сай жүруде

25 қаңтар 2020
BI Development
0

Capital Park құрылысы жоспарға сай жүруде

Алай-түлей қарлы боран жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына еш кедергі емес. Біз бұған өткен сенбіде өткен Ашық есік күнінде көз жеткіздік. Былтыр наурыз айында басталған үй құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр.

Жоспарға сәйкес, бұл нысан 2020 жылдың шілде айында толықтай қолданысқа берілуі тиіс. Қазір 9 қабатты блоктың терезелері орнатылып, сыртқы қабырғаларын жылыту жұмыстары жасалуда. Содан соң қасбетінің монтажы басталады. Төменгі қабаттарда гранит пен лаймстоун, үстіңгі қабаттарда – алюминий панельдері болады. 1-3-ші, 6-8-ші кіреберістерде терезелердің биіктігі 230 см, ал 4-ші және 5-ші кіреберістерде биіктігі 3 метр панорамалық терезелер болады.

Күн райының күрт суытқанына қарамастан, Ашық есік күніне келген клиенттер де айтарлықтай көп болды.

Лаура: «Құрылысшылардың ұйымшылдығын, құрылыс алаңындағы тазалықты көріп, риза болдық. Осы үйдің жаңашылдығы, есігімізде электронды құлыптар мен бейне-домофон орнатылады. Оған қоса біз, Smart Remont-қа тапсырыс бердік, компания жөндеу жұмысын жасап қана қоймай, сыйлыққа «Ақылды үй» элементтерін орнатып береді».

Марат: «Дұрыс таңдау жасағаныма тағы бір мәрте көз жеткіздім. Үй тамаша жерде орналасқан. Үйден шықтың – ал жолдың арғы жағында Президент саябағы. Пәтер жоспары да ұнады, квадрат тәрізді, жиһаз қойғанда өте ыңғайлы.

Айтпақшы, бірінші кезекте сатылымдағы пәтерлер бар, ал үйдің тапсырылуына небәрі 5 ай қалды. Толығырақ Сату орталықтарымыздан біле аласыз.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.