Ауладағы футбол алаңы: қолдаймын және қарсымын

        24 мамыр 2021

        Белгілі қоғам қайраткері, сәулетші, блогер Илья Варламовтың спорт алаңдарын аулалардан тыс жерлерге көшіру туралы ұсынысы ешкімді бей-жай қалдырмады. Тұрғындар екі жаққа бөлінді, әркімнің өз дәлелі бар.

        Ересектердің кейбірі балаларының көз алдыларында ойнағанын қалайды. Ата-аналар жас футболшылар мен басқа да белсенді спорт әуесқойларының қауіпсіздігіне алаңдайды. Ал басқалары жаңа жұмыс күнінің алдында ұйқтап, тыныққысы келеді. Өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер түнгі 22.00-ден кейін ойнай алаңы шығып, доп тебеді. Жазда ашық тұрған терезелерден доптың соққысы жақсы естіледі.

        Дегенмен, ымыраға келу ұсыныстары бар. Мысалы, бірқатар кешендерде күзет 22.00-ден кейін ойын алаңдарын жауып, жарықты өшіреді. Балалардың қауіпсіздігі мен ата-аналардың тыныштығы үшін алаңға бейнебақылау орнатып, камераны пәтерде орнатылған мониторға қосуға болады. Соңында қандай шешім қабылданатынын уақыт көрсетеді. Әзірге компания корпоративтік стандарт аясында жұмысын жалғастыруда. Capital Park Lights 3а2 тұрғын үй кешенінде баскетбол алаңы орнатылған. Осылайша, бір аулада бірден екі алаң болады. Бұрын тапсырылған кезекте футбол-хоккей алаңы бар.

        Кешеннің терезелерінен Президент саябағы мен мемлекет басшысының резиденциясына таңғажайып көрініс ашылады. Екінші жағында – EXPO, жаңа мешіт, жасанды су қоймасы және Capital Park аумақтарын кешенді дамыту учаскесінде салынып жатқан Binom жалпы білім беретін мектебі орналасқан.  Білім беру нысанын тапсыру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

        Кешенде бағасы 2,2 миллион теңгеден басталатын тұрақ орындары бар. Аталмыш кезектің сатылымында пәтерлер мен кеңселер жоқ. Бірақ олар басқа кезектерде бар. Толығырақ 360 нөмірі бойынша білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.