Алматыда Central Avenue 2-2 тұрғын кешенінің кілттері тұрғындарға табысталды

14 шілде 2021
BI Development Almaty
0

Алматылық «Манхэттэн», Нью-Йорктың кішігірім бөлшегі – оңтүстік астанадағы Central Avenue тұрғын үй кешенін осылай әр түрлі атайды. Кешен 4 кезектен, 13 үйлерден тұрады. Жақында 2-2 кезегінің 66 отбасына жаңа қоныстарының кілттері табысталды. Жаңашылдық, ерекше стиль, түстердің үйлесімділігі – осының бәрі кешенді айрықша етеді.

Жобаның сәулетінде Алматының қайталанбас табиғаты мен тау пейзаждары әсем көрініс тапқан. Стилі ерекше: фасад формалары ықшам әрі тік. Кешеннің орналасқан жері де айтарлықтай қолайлы. Сейфуллин көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан. Қаржы орталығы, Esentai Mall, Forum Almaty сауда орталығы, Республики алаңы – осындай инфрақұрылымдық маңызды нысандарға жақын жерде орын тепкен.

Бір камералы шыныпакетте орналасқан, энергия үнемдейтін терезелер орнатылған. Пәтерлер арасындағы қабырғалар темір-бетонды монолиттен және газоблоктан орындалған. Сенімді, сапалы әрі заманауи!

«Кешеннің инновациялығын айқындайтын – сенімді қауіпсіздік жүйелері, кіріс-шығыс мүмкіндігі, автокөліктер кірмейтін аулалар. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 24/7 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. «Ақылды үй» жүйесі пәтерді қашықтықтан смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік береді», дейді жобаның дамыту бойынша менеджері Амир Дандыбаев.

Әр қабатта 3-5 пәтерден орналасқан. Кешен түрлі қабатты үйлерден тұрады: 12-ден 21-ге дейін. Өтпелі кіреберістер, үлкен терезелер, авторлық дизайн – бұның бәрі тұрғындардың өмірін жайлы етеді. Аулада сондай-ақ құрғақ фонтанды амфитеатр бар, бұл әр түрлі жастағы тұрғындардың сүйікті орны.

Дегенмен, жобаның ең басты артықшылығы – терезеден ашылатын қаланың және таулардың көркі болса керек.


Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.