BI Group клиенттерінің форумы: құрылыс компаниясы мен тұрғындар арасындағы ашық диалог

        20 ақпан 2023

        Астанада BI Group құрылыс холдингі клиенттерінің пандемиядан кейін бірінші рет оффлайн форматтағы дәстүрлі форумы болып өтті.

        Жақында ғана пайдалануға берілген комфорт және стандарт класты «Поколение», Greenline. Ару қала, Capital Park, Grand Turan Comfort, Nexpo City, Besterek, Sezim Qala, Jetisu Aqsu тұрғын үй кешендерінің 400-ден астам тұрғыны өздерін толғандырған барлық сұрағына компания басшылығынан тікелей жауап алды. Басқа үйлердің жаңа қоныстанған тұрғындарына арналған кезекті форумдар 2023 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызына жоспарланған.

        Құрылыс компаниясының қоржынында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Ташкент секілді 6 өңірде 109 жоба бар. 2022 жылы 1 785 000 шаршы метр тұрғын үй салынды. Барлық уәде етілген жобалар салынып бітеді.

        «Дұрыс ақпарат берілмеген кезде қате ақпарат пайда болады. Осы қарапайым шындықты біле отырып, біз – естуші компания ретінде – әрқашан өз тұтынушыларымызға жедел кері байланыс беруге тырысамыз. Қазір БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғын үй нарығының сенімсіздігі туралы көптеген әшкерелеуші мәліметтер таралып жатыр. Мұндай деректер бізді қынжылтады. Сондықтан тұрғындармен кездесу өткізудің жақсы дәстүрін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды, мұнда әрбір адам BI бөлімшелерінің бірінші басшыларына сұрақ қоя алады. Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және өз клиенттерімізді ешқашан қиындықта жалғыз қалдырмаймыз», - деді BI Development бас директоры Амангелді Омаров.

        Мұндай іс-шаралар құрылыс барысындағы қателерді анықтап, салынып жатқан нысандардың сапасын арттыруға көмектеседі. BI Group тұтынушыларға арналған форумдарды 2016 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. 27 жылдық тарихпен расталған сапа, бедел, сенімділік, ESG қағидаттарын ұстану және «Жұлдызай» қорының қызметі аясында ерекше балаларға қолдау көрсету Холдингтің негізгі стандарттары болып табылады. Сондықтан құрылыс компаниясына 300 мыңнан астам қазақстандық сенім білдіреді.

        Пандемия жылы аумағында өмір сүруге қажеттінің бәрі орналасқан «бигвилль» деп аталатын кешенді дамыту тұжырымдамасы ұсынылды. Компания инновациялық технологияларды енгізу арқылы құрылыс саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Блокчейн платформасының арқасында үй сатып алу рәсімі бұрынғыдан да жеңіл әрі ашық бола түсті.  

        Төменде компанияның негізгі жаңалықтары мен тұрғындарды толғандыратын мәселелер берілген:

        Мектептер. Компания әрбір бигвилльде білім беру нысандарын салуға жеке жер телімін бөледі. Мысалы, Capital Park, Grand Turan және Greenline тұрғындарына ыңғайлы болу үшін тегін BINOM және Quantum жеке мектебі салынды. 2026 жылға дейін тағы 11 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Сонымен қатар компания клиенттердің сұранысы бойынша тұрғын үй кешенінің жанынан балабақшалар салуды қолға алады.

         

        Көршілес орталықтар. Клиенттерге форум барысында бірегей «BI Product 2.0» ұсынылды, оның аясында бигвилльдерде мүлдем жаңа жоба – көршілес орталықтар құрылады. Бұл –  тұрғындар үшін пайдалы әрі сұранысқа ие функциялары бар, әркім өзіне ұнайтын нәрсені таба алатын қоғамдық алаң, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымының элементі. Осылайша, барлық үлкен құрылыстар абаттандырылып, тек мектептерді ғана емес, басқа да маңызды нысандарды қамтитын болады.

         BI Green. Құрылыс салушы дәстүрлі BI Green акциясы аясында өз аулаларын, сондай-ақ саябақтар мен алаңдарды абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Компания қалаға 16 000-нан астам ағаш пен 30 000 бұтаны, 2 500 көшетті сыйға тартты. Жобаларға арналған ландшафт дизайнын шетелдік дизайнерлер әзірлейді.

        Шудан оқшаулау. 2020 жылдан бастап комфорт класты әрбір тұрғын үй кешенінде құны 4 млрд теңгені құрайтын «қалқымалы еден», «қабырғадағы қабырға» және Acoustic Pro дыбысты жұтатын пәтераралық қалқа технологиялары қолданылып келеді. Осы әзірлемелердің барлығы да шетелдік мамандарды тартуға септігін тигізеді. Осылайша, компания өз жобаларында 52 ДБ мемлекеттік стандарттағы 56 ДБ шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді.

        Баспалдақтарды әрлеу. Барлық тұрғын үй кешенінің 3-қабатына дейінгі эвакуациялық баспалдақтарға әрлеу жұмыстары жүргізіледі, бұл көпжылдық бақылаулар мен әлемдік тәжірибемен дәлелденді. Тұрғындар негізінен лифтіні пайдаланады. Негізгі әрлеу жұмыстар жүргізілмеген жердің қызмет ету мерзімі ондаған жылды құрап, күрделі жөндеу жасауды қажет етпейді. Бұл дегеніңіз – үнемделген қаражатты абаттандыруға, жайлы кіреберістерге, аулалардағы шағын сәулет пішіндері мен тұрғын үй кешеніне шынымен құндылық қосатын басқа да бөлшектерге жұмсауға болады деген сөз.

        Сейсмикалық төзімділік. Бұл – Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кейін әрбір қазақстандықты алаңдатып отырған тақырып. Компания өз үйлерін елімізде өте қатал болып табылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес салатынына кепілдік береді. Еурокодтардың қабылдануымен талаптар күшейтілді, соған сәйкес арматураны тұтыну қосымша 30%-ға өсті. Атап айтқанда, Алматы жобаларында 1 текше метр бетонға 250 кг, Астанада шамамен 120 кг металл бұйымдары жұмсалады. Яғни сейсмикалық аймақтардағы материалды тұтыну көрсеткіші жер сілкінісіне бейім емес аймақтарға қарағанда екі есе жоғары.

        Мәселелердің біршама легі лифт тақырыбы мен демалыс күндері жылумен/сумен жабдықтау тапшылығына арналды. Тұрғындар мен сахна арасындағы қызу диалог екі сағаттан астам уақытқа созылды. Клиенттер содан кейін де біраз уақыт компания басшылығымен тікелей сөйлесті. Кез келген тақырыпты талқылауға келгенде қазақстандық құрылыс компаниясын ерекшелендіретін де осы – «галстуксіз» еркін сөйлесуі.

        «Компанияның тұрғындарды жинап сөйлескені дұрыс деп ойлаймын. Үйлерді тапсырғаннан кейін клиенттерді ұмытпау өте маңызды. Құрылыс компаниясының өз ісіне жауапты екенін байқауға болады», - деп ойын түйіндеді Capital Park.Water тұрғыны Шыңғыс.

        ​​Осылайша бүгінгі күн де сәтті аяқталды. BI Group тұрғындар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп, электроника дүкені мен көлік тұрағы үшін әрқайсысы 500 мың теңгелік 15 сертификат табыстады. 

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.