«Smart Home» немесе «Ақылды үй» жүйесі еліміздің ірі қалаларында дамып келеді. Енді ол BI Group компаниясының клиенттеріне де қолжетімді. Осы жылдан бастап жаңа пәтерлердің басым көпшілігіне осындай технология енгізіледі. «Ақылды» үй деп тұрғындардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз ететін жүйені түсінген жөн. Бұл тек бизнес класты тұрғын үйлерге ғана қатысты емес. Сондай-ақ компания салатын өзге де пәтерлер бұл жүйемен жабдықталады. Бұл туралы біздің IT мамандар толығырақ айтып берді.
Тимур Жүнісов, 38 жаста, туған қаласы Тараз, Connected Home жобасының бас архитекторы:
– IT саласында жүргеніме 16 жыл. 2018 жылдың мамыр айында бізге осы бағытты дамытуды тапсырды. Бастапқыда командамызда 3 адам еді, қазір 12, оның 9-ы – бағдарлама жасаушылар. Біз, өзін жаңа қызметте сынап көргісі келетін мамандарды BI Group-тың түрлі департаменттерінен іздедік. Өйткені компания қызметкерлерінің тұрғын үй құрылыс саласында тәжірибесі мол. «Ақылды үй» - тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін қалыптастыратын трендтердің бірі. Жыл бойы біз осы жүйенің қандай элементтерден құралу керектігін зерттедік. 2019 жылы тамыз айында Connected Home жаңа BI City Tokyo тұрғын үй кешеніне орнатылды. Осы жылы оны 3 мың пәтерге орнатуды жоспарлап отырмыз. Егер жоспарымызды жүзеге асырсақ, біз отандық «ақылды үй» жүйесін құрғанымызды мақтан тұтамыз.
Мұхтар Қуанышбайұлы, 29 жаста, туған қаласы Алматы, Connected Home жобасының жетекшісі:
– Мен командаға жоба басталғаннан кейін екі-үш ай өткен соң қосылдым. Мен жобаларды дамытуға жауап беремін. Қазір біздің жүйе үш пәтерлерде орнатылған, қазір оны Adal, «Арнау», BI City Seoul тұрғын үй кешендеріндегі 30 пәтерге орнатудамыз. Біздің жасап жатқан жобамыздың басты міндеті – бірінші кезекте тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мысалы, сіз үйде болмаған кезде пәтеріңіздің сыртқы есігінің ашылғаны туралы хабардар боласыз. Одан бөлек судың ағып кетуін болдырмайтын датчик, түтін, температура және ауа ылғалдығын реттейтін датчиктер де орнатылады.
Екінші міндеті – тұрғындардың жайлылығы. Мысалы, таңертең, оянған кезде, белгілі бір уақытта перделер ашылып, біртіндеп жарық жанып, сүйікті музыка қосылатындай етіп жүйені орнатуға болады. Ал дауыстық ассистент арқылы теледидарды немесе кондиционерді қосып, жаңалықтарды, ауа-райын біліп, ауа температурасы мен ылғалдылығын реттей аласыз.
«Сценарий» функциясы бар. Сіз үйден шығып бара жатқанда, тоңазытқыштан басқа барлық розетканы сөндіре аласыз. «Күзет» сценарийі пәтерге бөгде біреу рұқсатсыз кірген жағдайда күзет агенттіктерін хабардар етеді. Ал ата-аналарға балаға үйге келгенін білу үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ, өйткені оның смартфоны автоматты түрде үйдегі Wi-Fi-ға қосылады және жүйе мұны тіркеп, хабарлама жібереді. Сондай-ақ сыртқы есіктерге электронды құлыптар орнатылады, оны сіз саусақ ізімен немесе код арқылы аша аласыз, енді сізге өзіңізбен бірге кілт алып жүрудің қажеті жоқ. Ал мобильді қосымша арқылы сіз жергілікті дүкеннен бірінші кезекте қажетті азық-түліктерге тапсырыс беруге болады.
Біздің «ақылды үй» – тұрғын үйдің инновациялық экожүйесін қалыптастыру элементтерінің бірі, сондықтан біз жүйені Connected Home деп атадық.