Құрылысшылар әлемдік дағдарысқа қарамастан оптимистік көзқараста

BI Group құрылыс холдингі бизнес-серіктестердің жыл
сайынғы сегізінші форумын өткізді.
Биыл кездесу «Бақытты клиент=табысты серіктестік»
ұранымен өтті. Құрылысшылардың айтуынша, жоғары деңгейдегі және сапалы
жобаларды жүзеге асыру – құрылыс салушылар мен нарықтағы кәсіби ойыншылардың
тиімді ынтымақтастығының арқасында ғана мүмкін.
Форум ашық сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, өздерін мазалаған мәселелерін
көтерді, өткір сұрақтарын қойып, оларға ашық жауаптар алды.
Айдын Рахимбаев, BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы:
«Біз клиенттеріміз бен олардың жайлылығы үшін табысты
жұмыс істеп, серіктестеріміз бен өзара сеніміміздің арқасында жоғары
нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Қиын уақытта бір-біріңе зор сенім арту,
тиімді жұмыс істеу, соның ішінде уақытты үнемдеу, шығындарды азайту маңызды.
Құрылыс – күрделі тетік, біз күн сайын мемлекетпен, клиенттермен, банктермен,
сервиспен, жеткізушілермен, мердігерлермен өзара іс-қимыл жасаймыз және біздің
басты міндетіміз – тоқтап қалмау. Дағдарыстар болып тұрады, бірақ біз әрдайым
оларды лайықты еңсереміз».
Рахимбаев өзінің бизнесі барынша оптимистік екенін
мәлімдеді: алдағы 20 жылға нақты жоспар және ауқымды жұмыс көлемі бар. Елдегі
урбандалу – қайтымсыз тренд: қалаларда қазақстандықтардың шамамен 60 пайызы
тұрады, таяудағы онжылдықта қала халқының саны 5 млн адамға ұлғайып, 75 пайызға
жетеді деп күтілуде. Бұл жаңа үйлер салу және тұрғындарға қажетті барлық
инфрақұрылымды жасау үшін құрылыс салушыларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін
білдіреді.
Холдинг компанияларының басшылары серіктестермен бірге
нәтижелер мен орындалуы тиіс жұмыс жоспарын талқылады.
BI Development бас директоры Амангелді Омаровтың
мәліметінше, өткен жылдың өзінде 10 мың отбасы BI Group-тан пәтер алып, 1 млн
шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Пандемияға және онымен байланысты
шектеулерге, жұмыс күшінің жетіспеушілігі мен материалдарды жеткізудегі
қиындықтарға қарамастан, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілген.
Омаров:
«Тұрғын үй құрылысындағы басты тренд клиенттің
талапшылдығынан туындайды: егер бұрын пәтер ғана маңызды болса, енді сатып алушы
қабатқа, холлға, үйге және шағын ауданға аса мән береді. Сондықтан, біздің
компания аумақтарды кешенді игеруге – клиенттің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін бигвиллдер құруға бағыт алды», - деп атап өтті.
BI Construction & Engineering компаниясының бас
директоры Марат Корпитанов компанияның өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық
жобалары бойынша жоспарланған айналымы 2022 жылы 250 млрд теңге деңгейінде
болатынын болжап отырғанын айтты. Ағымдағы және перспективалық жобалардың
қатарында Алматыдағы инновациялық шығармашылық орталығы, Шымкенттегі Бәйдібек
би атындағы көлік айрығы мен Оқушылар сарайы, Атыраудағы BINOM мектебі,
Сараньдағы шина зауыты, Түркістандағы ескек арнасы және т.б.
Корпитанов:
«Біздің
жобаларымыздың географиясы ауқымды. Бірақ біз жаңа аймаққа
кіргенде, әрқашан ескі серіктестерді бізге қосылуға
шақырамыз. Біздің ынтымақтастығымыздың 85 пайызы жылдар бойы дәлелденіп келеді».
Биыл BI
Group 27 жасқа толады. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам компания құрылыс
салушының серіктесі болып үлгерді.
Дархан Шілдебаев, Холдингтің Іскерлік серіктестер
кеңесінің төрағасы:
«Ең тиімді серіктестер кіретін БСК 2016 жылдан бері жұмыс
істейді. Біздің құрылым аясында біз BI Group-ты ғана емес, бүкіл құрылыс
саласын дамыту мәселелерін де талқылаймыз. Компанияны дамыта отырып, біз бүкіл
саланың өркендеуіне ықпал етеміз. Сондықтан қызметкерлердің ғана емес,
мердігерлердің де үздіксіз дамуына мүдделіміз – егер біз оқымасақ, артта
қаламыз. 2021 жылы BI University-де 3000-нан астам серіктесіміз білім алды».
Холдингтің өзінің серпінді инновациялық жобалары мен
IT-өнімдері, сондай-ақ BI Group алғашқы қатысушылардың бірі болып кірген B-nect
бірегей стартапы талқылауға шығарылып, оның тиімділігі бағаланды. Енді компания
құралды өз жеткізушілері мен мердігерлеріне ұсынады.
Бизнесті дамыту жөніндегі директор Арсен Костангельдин
жаңа стартапты таныстырды:
«Бұл бүкіл құрылыс саласына процестерді цифрландыру
мәселелерін шешуге көмектесіп қана қоймай, оларды жоба идеясынан бастап, дайын
тұрғын үйді сатуға дейінгі бірыңғай циклге біріктіруге дайын – тұтас
IT-экожүйе. Порталда сатып алуға, тендерлерге және сауда-саттыққа 900 белсенді
өтінім қолжетімді. Жобада құрылыс және жобалау идеясынан бастап, пайдалануға
беру, сату немесе басқару және жалға беруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтуды
жоспарлап отырмыз. Көптеген девелоперлер bnect.pro платформасына толығымен
көшуді шешті және олар өз порталдарынан бас тартты».
Әлемдік және геосаяси дағдарысқа, бағыттың ауытқуларына
және құрылыс салушылардың өзінің де, оның серіктестерінің де төмен табыстылыққа
байланысты көтеріліп отырған түйткілді мәселелеріне қарамастан, форумға
қатысушылар үнемдеу үшін жобалардың сапасы мен деңгейін төмендетпейтіні туралы
ортақ пікірге келді.
Холдингтің
бас директоры Асхат Омаров:
«Әр дағдарыстан
кейін міндетті түрде өсу кезеңі басталады. Біз тек шаршы метрлерді салып қана
қоймай, қазақстандықтардың өмір салтын қалыптастырудамыз. Бізге табыс табу
емес, қатынастардың тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігі, қызметкерлер мен
серіктестердің жұмыс орындары мен жұмыс көлемін сақтау маңызды».
Жалпы, іс-шара ашық диалог форматында өтті. Күрделі
мәселелерден аулақ болу – құрылыс салушының ережесіне кірмейді. Керісінше,
оларды ашық айту мен шешу қазақстандықтардың игілігі үшін өсу мен дамуды
жалғастыруға көмектеседі.
Форум
компанияның бизнес-серіктестерін марапаттаумен аяқталды.