Қала сыртындағы өмір

Таза ауа, тыныш аймақ, қала орталығына жақындық, кез келген уақытта
аулада жасай алатын барбекю – Vela Village коттедж қалашығын таңдаудағы барлық
күмәнді сейілтеді.
Осы демалыс күндері
Мәңгілік Ел және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында, Family Village
коттедж қалашығының жанында орналасқан 2 және 3 сектордағы Vela Village жобасының
тағы 15 үйінің кілті табысталды. Үйге 7 минуттық жерде №88 мектеп-лицейі, ал 15
минуттық жерде АХҚО мен MEGA Silk Way СОО орналасқан.
Керамикалық кірпіштен
жасалған екі қабатты коттедждер үш: 250, 280 және 332 ш.м-де жүзеге асырылады. Бірінші
қабаттағы төбелердің биіктігі – 3 метр, ал екінші қабаттағылар – 3,3-тен 3,6
метрге дейін. Кәріз және сумен жабдықтау орталықтандырылған, ал жылыту – автономды.
Әрбір вилла үшін гараж және 7,5 соттық жер қарастырылған.
Қалашықта демалыс пен
ойын-сауық үшін барлық жағдай жасалған. Онда футбол
алаңы, хоккей корты, демалыс аймақтары мен аллея бар. Бір ерекшелік – көрші үйлер
арасында биік қоршаулардың болмауы. Бұл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына үлкен септігін тигізеді. Қауіпсіздік туралы
алаңдамауға
да болады. Қалашық тәулік бойы
күзет
бақылауында және толық бейнебақылаумен жабдықталған.
Бүгінгі таңда коттедж
қалашықтың аумағында Vela Town атты тағы бір жоба жүзеге асырылуда.
«Vela Town – бұл
заманауи жылжымайтын мүлік, клуб типті тұрғын үй кенті. Қолайлы әлеуметтік орта
тұрғындарға тату көршілік қарым-қатынас орнатуға және танысу шеңберін кеңейтуге
мүмкіндік береді. Жоба таунхаустар типіне қарай кірпіштен жасалады»,- деді
жобаны дамыту жөніндегі менеджер Ілияс Шаймерденов.
Жылжымайтын мүлікті
сатып алу бойынша кеңес алу үшін сату бөлімдеріне келіңіз немесе 360 нөміріне
қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).