Мінсіз үй болмайды

        22 қазан 2019

        Мінсіз үй болмайды

        Бірақ Crocus City тұрғын үй кешенін салған құрылысшылар барлығын мінсіз орындауға тырысты. Бұған жоба жетекшісі Валерий Пугачевпен бірге үйді аралап, көзімізді жеткіздік.
        Бұл үйде енгізілген жаңалықтар баршылық. Мәселен паркингтің гидрооқшаулауы ресей мамандарымен бірлесіп жасалған. Бұл көлік тұрағын ылғалдан сақтайды. Оған қоса, паркингке неміс Hormann фирмасының жылдам ашылатын қақпасы орнатылды. Автоматты өрт дабылы, өрт сөндіру, газ талдауыштардан бөлек, мұнда өртке қарсы перделер де орнатылған.
        Кешенде тұрғындардың жайлылығы үшін барынша жағдай жасалынған. Үй ауласында әр түрлі жастағы балалар үшін 3 аймақ, белсенді демалыс пен футбол-хоккей әуесқойлары үшін 2 алаң бар. Сонымен қатар, үй шатырында шолу алаңы қарастырылған. Оған мініп, қаланың керемет көрінісін тамашалауға болады.
        Тұрғындар үшін маңыздысы – ауладағы қауіпсіздік, сондықтан 9 мың шаршы метр ауланы 2 күзет пункті бақылауда ұстайды.
        Жасыл желектерді отырғызу алдында барлық мәселе компания дендрологымен, топырақ қалыңдығына дейін талқыланды. Крокус егілмесе де, мұнда сібір шыршасы, ырғай, жұпаргүл, калина, шаған, липа, үйеңкі, барбарис, қарақат, пион, раушан егілді.
        - Клиенттеріміз 3-ші кезек LRT желісінің жанында болатынына алаңдауда. Ал үй мен желі арасындағы қашықтық 50 метр. Біздің арамызда 6 метрлік автомобиль жолы, 3 метр жаяу жүргінші аймағы, жасыл желектер болады, - дейді жоба жетекшісі.
        Crocus City Ұлы Дала даңғылының бойында орналасқан. Үйден бірер қадам жерде №85, №84 мектептер, Mega, спорт кешендері бар. Барлық 417 пәтер сатылған, алайда 3-ші кезектен пәтер таңдауға болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.