BI Group компаниясының Prime тұрғын үй кешенінің рұқсат беру құжаттарына қатысты ресми түсіндірмесі

        11 қараша 2022

        Елорда әкімдігінің ресми сайтында 2022 жылғы 7 қарашада үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі жарияланған болатын.

        Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Ұлы Дала даңғылы мен № 28, 29, 38-көшелерінің қиылысында орналасқан, BI Development Astana құрылыс компаниясы салып жатқан Prime тұрғын үй кешені тізімге қате енгізілген. Осы тұрғын үй кешеніне үлескерлердің қаражатын тартуға 2022 жылғы 22 қазандағы № 27 Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Солтамбеков берген, қолданылу мерзімі 2024 жылғы 16 наурызға дейінгі рұқсаты бар. 

        Компания Қалалық орта сапасы және бақылау департаментіне тұрғын үй кешенін аталған тізімнен шығару туралы өтінішпен жүгінді.


        Құрметпен, BI Group.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.