«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының 10 финалисі.

        3 наурыз 2021

        «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының 10 финалисі. 

        BI Group компаниясының жобасына қатысу үшін 2500-ден астам өтініш келіп түсті. «Dauletten» қайырымдылық қорына қысқа тізімді жасау тапсырылды. Үміткерлерді іріктеу кезеңінде біз оның мамандарына сырттан қысым көрсетілмей жауапты таңдау жасаулары үшін қордың атауын айтқан жоқ болатынбыз. Бірнеше күн бойы, 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында қор қызметкерлері үміткерлердің өмір тарихтарын зерттеді.

        Сонымен «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына үміткерлеріміз:

        Асхат Нұрмашев, «Asar Ume» ҚҚ негізін қалаушы, қайырымдылықпен айналысады

        Тамара Рише, жалғызбасты аналарға арналған баспана басшысы

        Торғын Жолдасбекқызы, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді

        Амантай Байжанов, полиция қызметкері, өрт кезінде 15 адамды құтқарған

        Жайлыбай Келіс, экологиялық белсенді

        Дамель Мектебаева, NASA қызметкері

        Надир Омарғазиев, 4 жасар баланы өлімнен құтқарды

        Рашит Белгібаев, Bilimal негізін қалаушы. Электронды мектеп.

        Тұраркүл Назарбаевна, педаогог, зейнеткерлердің бос уақытын өткізу орталығының ұйымдастырушысы

        Марат Эдельханов, реаниматолог-дәрігер

        Барлық финалистерімізді құттықтаймыз!

        Жалпыұлттық SMS-дауыс берудің 11 наурызда басталатынын естеріңізге сала кетейік. Сол мерзімге дейін біз сіздердің үміткерлеріміздің өмір жолдарымен танысуларыңыз үшін ақпарат дайындайтын боламыз.

        «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасы туралы жаңалықтарды @ bi.group аккаунты мен жобаның https://bi-azamat.kz/ сайтынан біле аласыздар.

        Dauletten қорына жобаға үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз! Қайырымдылық ұйымының жұмысы барысында қазақстандықтарға 388 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілгенін, ал 208 отбасы өз баспанасына ие болғанын атап өткен жөн.

        Жобаның ақпараттық серіктесі Nur.kz

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.