Құрылыс салушы Нұра-Есілге қарайтын қолжетімді баспана ұсынады

Ашық
есік күні алғаш рет Besterek тұрғын үй кешенінің алтыншы кезегінде өтіп, оған болашақ тұрғындар мен әлеуетті
клиенттер шақырылды.
Комфорт және
комфорт+ санатындағы 6 кезектен тұратын жоба
Қасым Қайсенов, Фариза Оңғарсынова және Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында
орналасқан. Қадамдық қолжетімділікте екі BINOM мектебі
орналасатын болады. Олардың
бірі NovaCity ТҮК ауданында салынған. Келесі жылы
Нұра-Есіл арнасы жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталады.
«Бірінші және үшінші кезек салынып қойған,
енді
тағы үшеуінің құрылысы жүріп жатыр.
Алтыншы кезектің кірпіш қаңқасы толықтай
көтерілген. Шатыр, инженерлік
желілер, фасадты қаптау, сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары белсенді
жүргізілуде. Бүгін үй иелеріне өз пәтерлерін көрсеттік, ал енді үй алуды ойлап жүрген клиенттер таза әрлеудегі
шоурумды
тамашалады», - дейді бақыт менеджері Дәулетхан Жақыпбеков.
Дыбыс
оқшаулау үшін жобада Daewoo Engineering компаниясының оңтүстіккореялық
мамандарымен бірлесіп әзірленген Acoustic Pro технологиясы қолданылған. Онда газоблок екі жағынан қосқабатты гипсокартонмен қапталған акустикалық минералмақта
тақталармен жабылады.
Пәтерлердегі төбелердің биіктігі үш метрге жетеді, бұл үш
қабатты әйнектері бар кеңейтілген металл-пластикалық терезелермен тамаша
толықтырылады. Бөлмелер жарық болуымен қатар, мұндай әйнек қыста жылуды
сақтауға көмектесіп, жазда қызып кетуді болдырмайды.
Besterek тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүліктің құны
17 миллион теңгеден басталады (материал жарияланған кездегі ақпарат). Сатып алу
үшін BI Group компаниясының сату бөлімдеріне хабарласыңыз немесе 360 қысқа
нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін).