Шай үйі, арбат-желекжол және көліксіз аула: Шымкенттегі жаңа тұрғын үй стандарттары

        1 маусым 2022

        Ашық есік күні Шымкенттегі алғашқы бигвилль Grand Park пен Tumar Apartments тұрғын үй кешенінде өтті. Екі кешен де қаланың басты маржаны – дендропарктың жанында, сондай-ақ мәдени нысандарға жақын орналасқан. Бұл орынға клиенттер лайықты бағасын берді – бүгін болашақ тұрғындар өз пәтерлерімен танысты.

        Бигвилль – Шымкент үшін мүлдем жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Бұл «қала ішіндегі қала», онда тұрғын үй кварталдарынан басқа жайлы өмір сүру үшін барлық инфрақұрылым жасалады: медицина, білім беру, спорт мекемелері, сауда алаңдары мен саябақтар, ыңғайлы кірме жолдар. Атап айтқанда, Grand Park аумағында 1200 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп, екі балабақша мен клиника салу жоспарланған.

        Жоба ауданы 2,5 гектарды құрайтын жеке арбат-желекжолымен ерекшеленеді. Ол күркелері, шахмат үстелдері мен көркем галереясы бар демалуға, сондай-ақ серуендеуге арналған және спорт пен work-out алаңдары бар үш аймақты қамтиды.

        Grand Park-тың көліксіз аула аумағында «тыныш бақ» бірегей тұжырымдамасы іске асырылатын болады. Сонымен қатар, құрылыс кезінде сақталған ірі ағаштарды қайта отырғызу жүзеге асырылады. Балалар ойын алаңдары, заманауи ландшафтық дизайн, көлеңкелі аймақтар, тіпті барбекю аймағы –  мұның барлығы тұрғындар жайлылығы үшін қарастырылған.

        Жобаның басқа артықшылықтарына келер болсақ, әрине, бірегей Connected Home жүйесін атап өтпеуге болмас. Тұрғындар қалауы бойынша дауыс арқылы басқарылатын көмекшіні, есік ашу, қозғалыс, температура, судың ағуы, өрт дабылы сынды қосымша опцияларды орната алады. Пәтер есіктеріне электрондық құлыптар қойылады.

        Бигвилль аумағына Tumar Apartments кварталы кіреді, ол Comfort және Comfort + санаттарында ұсынылған және 12, 14 , 16 қабатты 3 кезектен тұрады. Tumar Apartments пен  құрылыс салушының тағы екі кешені – Bigville Arman qala және Bigville Атамұра – қалада бірінші және соңғы қабаттарда террассалары бар пәтерлер ұсынатын жалғыз кешендер.

        Жоба ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: жеке шай үйі бар абаттандырылған аула, коммерциялық үй-жайлар, паркинг және аула мен көшеден үйге кіруге мүмкіндік беретін өтпелі кіреберістер. Негізгі әрлеу, үш метрлік төбелер – мұның бәрі Tumar тұрғын үй кешенінің жаңа қоныстанушыларын бейжай қалдырмасы анық.

        Екі кешен де халықтың ерекше топтарының қажеттіліктерін ескере отырып іске асырылуда, балалар мен мүгедектер арбаларының ыңғайлы жүруі үшін кедергісіз кеңістік қарастырылған.

        Ашық есік күнінде келушілер атқарылып жатқан жұмысқа ризашылығын білдіріп, әрлеу сапасына, абаттандыруға және аумақтың қауіпсіздігіне қызығушылық танытты.

        BI Group-тың Шымкент қаласындағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дәурен Айдарбеков:

        «Біз Шымкент қаласы үшін жаңа құрылыс стандарттарын енгізу арқылы жоғары сапалы нысандар мен қызметтерді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Біздің мегаполис пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша барлық қазақстандық қалалар арасында көш бастап тұр және өткен жылмен салыстырғанда алты есеге жуық өсімді көрсетіп отыр. BI Group қаланың дамуына өз үлесін қосуда. Біз бірегей нысандарды, соның ішінде бигвиллдерді іске асыру процесін жүзеге асырудамыз. Біздің компанияны басқалардан құрылыстың жоғары жылдамдығы, объектілерде көптеген артықшылықтардың болуы мен өнімдердің өзгермейтін сапасы ерекшелейді».

        Бүгінгі күні Tumar Apartments тұрғын үй кешенінің 1-1 және 1-2 кезектерінде 312, ал Bigville Grand Park-те 160 тұрғын қоныс тойын тойлап үлгерді. Сатылымда жылжымайтын мүліктің басқа да нұсқалары бар.

        Жобалардағы демо-холлдар мен демо-қабаттардың бары кез келген жанды қуантары анық. Себебі онда дизайн идеясын тамашалап, ерекше атмосфераны сезінуге мүмкіндік бар.

        Егер сіз BI Group тұрғындарының үлкен отбасына қосылғыңыз келсе, Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша орналасқан Шымкент қаласындағы сату бөліміне келіңіз. Жұмыс күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-дан 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10-нан 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүргізіледі. Сондай-ақ, толық ақпаратты 360 нөмірі бойынша немесе компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. 

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.