O'NER тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті

        12 қазан 2021

        Алматыда ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай ұлттық үлгідегі үй салынып жатыр. 12-17 қабаттардан тұратын жаңа O'NER тұрғын үй кешені Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында орналасқан. Жобаның екі кезегі комфорт кластан, ал бір кезегі бизнес кластан тұрады. Бірінші кезектің берілуі 2022 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

        Тұрғын үй кешенінің жанында балабақшалар мен мектептер, емханалар, университеттер, мейрамханалар, фитнес клубтар, саябақтар мен мұражайлар орналасқан.

        «Тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін балалар ойын алаңы, демалуға арналған үйшіктер, футбол мен баскетбол алаңдары, теннис үстелдері қарастырылған. Тәулік бойы бейнебақылауы бар қауіпсіз автокөліксіз аула жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Кешеннің ішінде барлық блоктарды жалғайтын серуендеуге арналған көгалдандырылған аллея болады. Демалыс орындары мен бесік арбамен жүруге арналған арнайы жолдар бар», - дейді жобаны дамыту менеджері Ерлан Курлеутов

        Кіреберістердің интерьері авторлық дизайнмен жасалған, ол көзді қуантып қана қоймай, қолданыстағы стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Үйдің ілмелі сыртқы беті желдетілетін болады, газблоктардан салынған сыртқы қабырғалар минерал мақталы тақталармен оқшауланады және жылытылады, үйдің қаңқасы монолитті темірбетоннан жасалған, ал терезелері екіқабатты әйнегі бар металл пластиктен болады. Ғимараттың алдыңғы бөлігінің, вестибюльдің және ортақ пайдаланылатын жерлердің авторлық дизайны ұлттық нақышта жасалған: қазақы ою-өрнектер, суреттер интерьердің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

        Клиенттер Ашық есік күнінде құрылыстың барысымен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды, енді олар жаңа кең пәтерлеріне қашан көшуге болатынын асыға күтетін болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.