Шымкенттегі дендропарк жанындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде ашық есік күні өтті

        25 наурыз 2022

        Шырайлы Шымкенттегі жаңа Dendropark және Tumar Apartments тұрғын үй кешендерінде ашық есік күні өтті.  Екі кешен де қаланың басты маржаны саналатын Шымкент дендропаркінің жанында орналасқан. Клиенттер жобаларға жоғары баға беріп, болашақ қоныстанушылар өздерінің жаңа пәтерлерімен танысты.

        Жаңа тұрғын үй кешінінің DENDROPARK деп аталуына басты себеп – қала көркіне айналған дендропарктің жақындығы. Жаяу қашықтықта балабақшалар, мектептер, түрлі саябақтар мен «Жайлау» көлі бар.

        DENDROPARK ТҮК бизнес және комфорт санаттарынан тұрады. Оның сәулетінде шығыс стилінің ұлттық элементтерінің үйлесіміндегі заманауи эклектика пайдаланылып, көп деңгейлі даму принципі қолданылған.

        Қазіргі таңда Dendropark тұрғын үй кешенінің 1-1 кезегінің 88 пәтері өз иесін тапты. Алайда, сатылымда әлі де бос пәтерлер бар.

        Tumar  Apartments кварталы Comfort және Comfort + санаттарында ұсынылған және 12, 14 және 16 қабатты үш кезектен тұрады. Құрылыс салушының осы және тағы екі кешені – Arman qala және Атамұра бигвилдері – алғаш болып бірінші және соңғы қабаттарда бөлек террасалары бар пәтерлер ұсынады.

        Жоба ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: абаттандырылған аула, коммерциялық үй-жайлар, көлік тұрағы, өз ауласындағы шай ішетін үйі және тағы басқа.

        Қазіргі уақытта 312 тұрғын Tumar Apartments тұрғын үй кешенінің 1-1 және 1-2 кезектерінен баспана алды, сондай-ақ сатылымда әлі де пәтерлер бар.

        Екі жобаның да эстетикалық және жергілікті артықшылықтары бар. Жақын маңда күнделікті өмірге қажеттінің бәрі бар: мектеп, балабақша, емхана, базар және сауда орталықтары. Ал үлкен артықшылыққа ие саябақ тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа да пайдалы.

        Егер сіз BI Group тұрғындарының үлкен отбасына қосылғыңыз келсе, Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша орналасқан сату бөліміне келіп, компания қызметкерлерінен жылжымайтын мүлік туралы толық ақпарат алыңыз. Сату бөлімі күн сайын сағат 9-дан 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10-нан 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

        Сатылымда пәтерлер бар. Толық ақпаратты 360 қысқа нөмірі бойынша және компанияның ресми сайты https://bi.group/ru/ арқылы алуға болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.