Шымкентте жаңа Dendropark тұрғын үй кешенін резервтеу басталды

        14 шілде 2021

        Кешеннің ең басты артықшылығы – қаланың ең көркем орындарының бірі – Асанбай Асқаров атындағы дендропарктың жанында орналасуы. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны. Саябақ жанында тұратындар кез келген уақытта қала тіршілігінен демалып, табиғатпен оңашада қала алады. 

        Кешенге жақын аумақта балабақшалар, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Наурыз алаңы, өлкетану мұражайы, Жайлау көлі, Nauryz Park сауда орталығы орналасқан. Сонымен қатар мектеп құрылысы жоспарланған.

        Dendropark бизнес және комфорт класс тұрғын үйлерден тұрады. Алғашқы кезек – Қ. Төлеметов көшесінің бойында орналасқан 12 және 16 қабатты үйлер. Жобаның сәулетін ұлттық нақыштағы элементтер ерекшелендіреді.

        Көлік кірмейтін аулалар - BI Group үйлерінің басты көрсеткіші. Аулалар бүге-шігесіне дейін ойластырылған, тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аударылады. Ол үшін 24/7 бейнебақылау камералары және күзет қызметі жұмыс істейді. Ауланы ұйымдастыруда оңтүстік өңірдің климаты ескеріліп, көлеңкелі аумақтар жасалған. Сондай-ақ ыстық күндерде құрғақ фонтан мен дымқыл тұман қосуға болады. Автоматтандырылған электрлік құлыптар, видеодомофондар Dendropark кешеніндегі өміріңізді ыңғайлы етеді!

        Фасад үйге көрік беріп қана қоймайды, қолданыста да тиімді. Желдетілетін панельден және декоративті тордан тұрады. Бір камералы шыныпакетте орналасқан, энергия үнемдейтін терезелер орнатылады.  

        Заманауи сәнді холлдар – жобаның тағы бір артықшылығы. Интерьер шығыс стилінде орындалған. Холлдар биік төбелер мен табиғи түстердің үйлесімімен әсемделген. Бірінші қабаттағы төбелердің биіктігі – 4,5 м, пәтерлерде – 3 м. Кешенде 1-ден 4 қабатқа дейін пәтерлер бар.

        Толық ақпарат 360 қысқа номері бойынша. Dendropark тұрғын кешені – табиғаттан ләззат алып өмір сүр!


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.