Мемлекет басшысы бизнестің цифрлық өнімдерімен танысты

        28 қыркүйек 2022

         28 қыркүйекте Астана қаласында Digital Bridge 2022 халықаралық форумы өтті. Форум Орталық Азиядағы биылғы жылдың ең басты ІТ-оқиғасына айналды. Digital Bridge-2022 форумы өз алаңында Орталық Азия елдері технопарктерін біріктіріп, цифрлық идеяларды жүзеге асырып жатқан жандардың басын қосып, үздік тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасап, жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

         Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

        «Мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейді. Бізде жеке сектормен қалыпты өзара іс-әрекет жолға қойылған. Атап айтқанда, Каспий, Халық, BI Group және басқа да компаниялар мемлекеттік қызметтерге өздерінің платформалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің азаматтарымыздан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, неке туралы куәлігін және тағы да 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Бұл жұмыс сөзсіз жалғасады», – деді Президент.

        Қазақстандық технопарктер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысқан "Қазақстандағы GovTech дамуы: бизнеспен коллаборация" панелді сессиясында GovTech саласындағы IT-жаңалықтарды көрсетті. Бұл тың инновациялар халықтың мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тиімді алуына бағытталған.  

        Сессия модераторы Орталық Азия, Әзірбайжан елдері бойынша IDC өңірлік директоры Андрей  Беклемишев болды.

        Михаил Ломтадзе қазірдің өзінде 8 миллионнан астам қазақстандық пайдаланып жүрген Kaspi.kz супер-қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің жұмысымен таныстырды. Қазір «Цифрлық құжаттар», «Салықтар» және «Көлікті тіркеу»  азаматтардың арасында ең танымал қызметтерге айналған.

        Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов банктің бірегей digital-өнімдерін жасау үшін толыққанды платформаға айналғанын атап өтті. Мысалы, пәтерді бір күнде рәсімдеуге мүмкіндік беретін цифрлық ипотека және брокерлік шотқа жалғанған инвестициялық карта.

        Панельдік сессияда сондай-ақ, Отбасы Банкі мен Halyk Bank басқарма төрағалары Ләззат Ибрагимова мен Үміт Шаяхметова баяндама жасады.

        BI Group басшысы Айдын Рахымбаев BIG App цифрлық экожүйесін таныстырды. Мобильді қосымша клиенттерге кеңес беріп қана қоймай, жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алуға мүмкіндік береді. Платформаның және оның жылжымайтын мүлік нарығының цифрлық реттеушісі Казреестрмен тікелей интеграциясының арқасында клиенттер енді смартфон арқылы үлестік келісімдерге қол қойып, тіркей алады, бұл нарықтың ашықтығы мен транзакциялардың қауіпсіздігіне ықпал етеді.

        Осылайша, егер офлайн режимде ипотекалық несие бойынша пәтер алудың толық циклі 28 күнге созылса, онлайн режимінде небәрі 3-8 сағат қажет! Сату процесіне блокчейн технологиясын енгізу Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені 5 есеге азайтып, пәтерді нотариуссыз рәсімдеуге бірегей мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде 5 000 жылжымайтын мүлікті тіркеу және 36 000 кепілдеме онлайн режимде жасалған.

        "Мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығында түпкілікті өнім әрқашан бақытты клиент болып қалуы тиіс. Банктік аударымдар, жаңа пәтер қабылдау немесе қосымша арқылы қызмет көрсетуге өтінім беру сияқты қызметтерді цифрландыру – бұл біздің қала тұрғындарының өмірін жеңілдететін алғашқы қадамдар ғана", - деді Айдын Рахымбаев. – Біз өзіміздің инновациялық өнімдерімізді басқа құрылыс салушылармен бөлісуге және Қазақстанда саланың одан әрі дамуына үлес қосуға дайынбыз".

         Форумды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастырды.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.