Dream City 3 тұрғын үй кешені мерзімінен 2 ай бұрын тапсырылды

Тұрғын үй кешені өзінің сәулеті және сыртқы тұрпатымен ғана емес, сонымен бірге ішкі әдемілігімен де ерекшеленеді. Мұнда алғаш рет бірінші және екінші кезекті біріктіретін көпір пайдаланылды. Осыған ұқсас арт-нысан жобаның соңғы бөлігінде де қолданылды.
Елорда күрт құбылмалы ауа райына үйдің оңтайлы болатын сыртқы тұрпатын іздеуді жалғастыруда. Бір қуанарлығы, нарықта қатты дауылға, температураның өзгеруі мен күн сәулесіне төзімді әртүрлі құрал-жабдықтар бар. Солардың бірі – үйдің сыртын әйнектен жасау. Сыртынан қарағанда сынғыш сияқты көрінгенімен, ол алғашқы тапсырылған екі кезекте жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязына шыдас берді. Айтпақшы, «сынғыштық» туралы айта кетсек, мұндай әйнекті тіпті бейсбол таяқшасымен де сындыра алмайсыз. Тәжірибеде сынап көрудің қажеті жоқ.
Орындықтар бетонмен бекітілген. Оларды жел немесе бұзақылар қозғалта алмайды, ал беткі ағашын термиялық өңдеуден өткізу ылғал мен шамадан тыс түскен күн сәлесінен қорғайды.
Үшінші кезең 12, 16 және 18 қабатты мұнаралардан тұрады. Олардың барлық сипаттамасы бірінші кезектегі үймен бірдей. Солай бола тұрса да, жоба тобы тосын сый жасауды ұйғарды.
«Әрбір блокта көпфункционалды бөлмелер бар. Бүлдіршіндер үшін қабырға бормен сурет салуға болатын грифельден жасалып, ойыншықтар қойылған. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тақталар орнатылып, жасөспірімдер бөлмесіне кітаптар, үстел теннисі мен футбол қойылған. Үшінші блокта коворкинг бөлмесі бар», - дейді жобаның бас инженері Рашид Молдабаев.
Үйге жоғары стандартты сыртқы дыбыстан оқшаулағыш орнатылған. Пәтераралық қабырғалар кірпіштен қаланған. Үшқабатты және екіқабатты терезелер көшедегі шудан қорғайды. Сонымен қатар компания ауланың шулы бөлігі - футбол алаңына жаңа стандарт енгізді. Тізбектелген тордың бүйірлері екі қабаттан жасалған. Барлық басқа жеріне допты ұрғанда қатты дыбыс шығармайтын қалың тіректер қойылған.
Компания ірі көлемді көшеттер отырғызу арқылы көгалдандыруға, жайлы және экологиялық жағдай жасауға баса назар аударады. Бұқар Жырау көшесі жағынан биіктігі төрт метрге дейін 16 қарағай, биіктігі бір жарым метр 5 шырша отырғызылды. Аулаға тобылғы, бөртегүл, көпжылдық гүлдер мен өсімдіктер егілді.
Жеке өмірдің, жайлылық пен кеңістіктің қадірін білетін көпшілік тұрғындар бірден қоныс тойларын атап өтуді жөн көреді. 32 клиент Smart Remont-қа әрлеу жұмыстарын жасату үшін тапсырыс берді. Ыңғайлы әрі қауіпсіз. Бұл адамды жұмыс бригадасын іздеуден, оларды бақылап отыру мен ең арзан бағада материал сатып алу мәселелерінен құтқарады. Үй иесіне келісімшарт жасалғаннан кейін тек жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы фотоесеп алу ғана қалады.
Барлық пәтер мен кеңсенің сатылып кетуі кешеннің танымалдылығына дәлел бола алады. Тек автотұрақ орындарының аз ғана бөлігі қалды. Айтпақшы, бұл терезе орнатылған алғашқы тұрақтардың бірі. Күн сәулесінің табиғи жолмен түсіп тұруы керемет әсер қалдырады. Пәтерге кіреберіс алаңдарға салынған суреттер де көздің жауын алады. Дизайнерлер жаңа стандарт ұсынған. Тігінен қойылған үлкен кенеп маталар ерекше әрі көрнекі көрініп, терезелермен бірге алаңды үлкейтіп көрсетеді.
Dream City жобасы аяқталды, алайда біздің сату бөлімдерімізде немесе 360 телефоны арқылы сізге айтылатын басқа да қызықты ұсыныстарымыз бар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.