Dream City: армандар орындалады!
Dream City: армандар орындалады!
Еліміздің басты көшесінде орналасқан жаңа үйдің әйнекті, жарқын келбеті ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Сондай-ақ үйдің ішкі көрінісі де өте қызық. Театр киім ілгіштен басталса, ал біздің жаңа үйлер күзет орнынан басталады. Бұрын күзетшілер паркингте болса, енді үй ауласында болмақ.
Жоба қыста аяқталғандықтан көгалдандыру жұмыстары көктемде басталады. Үй аумағына бөріқарақат, жалқын, алма ағаштары, қайың, арша, ырғай, жөке ағашы, бөртегүл сияқты көшет түрлері отырғызылады. Кешенде IP-домофон орнатылған, яғни кешенде орнатылған камералар арқылы бейнежазбадағы көріністі пәтердегі монитордан қарай аласыз. Екіншіден өз смартфоныңыздан басқара аласыз. Егер есігіңізге қоңырау шалатын болса, жұмыста отырып-ақ гаджетіңізден есікті ашуға болады.
Әр блоктың өз коворкингі бар. Пәтераралық қабырға кірпіштен қаланған, есесіне дыбыс өткізбейді. Үй жобасына мән берсек, балкондар шағын, ал бөлмелер үлкен.
- Dream City - "Арман қала" шағын ауданындағы соңғы жоба болса да басқа үйлерден ерекше. Мысалы, клиенттің қалауы бойынша «Ақылды үй» элементтері орнатылған, - дейді учаске бастығы Баxтияр Байкенов.
Ал BI Development компаниясының басшысы Максим Чернышов тұрғындарды жаңа қонысымен қазақ тілінде құттықтап, тұрғындарды бір қуантты.
Зейнеп Қасымбекқызы:
- Бұл үйден менің балаларым пәтер алды. Ішіне кіріп көрдім, барлығы ұнады.
Ержан мен Динара:
- Біз компанияны сенімділігі үшін таңдадық. Қызым "Дарын" мектебінде оқиды. Үйге жақын. Коворкинг бөлмесі ұнады, барлығы цифрландырылған, қонаққа кім келгенін де көре аламыз, қауіпсіздік өте жоғарғы деңгейде.
Бір қызығы үйдің барлық кеңсе және паркинг орындары сатылып кеткен, тек шаршы метрі үшін 432 мың теңге тұратын жөндеу жұмысы жасалған 3 бөлмелі пәтер қалды (100м2). Алайда үйдің басқа да блоктары салынуда.