Енді тұрғын үйлердің өз қағаз жинайтын жәшігі болады
ЕНДІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ҚАҒАЗ ЖИНАЙТЫН ЖӘШІКТЕР БОЛАДЫ
Бүгін біздің 9 тұрғын үй кешенде қағаз қалдықтарын жинау үшін 100 экобокс орнатылды. Бұл идеяны Назарбаев Университетінің студенті ұсынған болатын.
Айта кетейік, Астанамыздың 20 жылдығына орай BI Group «20 игі іс» корпоративтік бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің сапасын жақсартуға бағытталған Happy StartUp үздік идеялар конкурсын жариялады. Екі ай бойы қатысушылар бірнеше идеялар ұсынып, жүлделі орындарды өзара тартысқа салды. 2-мамыр күні жеңімпаздар анықталды. 1-орынды үй кіреберістерінде макулатура жинауға арналған экобокстар орнатуды ұсынған Назарбаев Университетінің студенті Аяжан Ахмет жеңіп алды.
Қайта өңделген қағаз картон, құрылыс материалдары және т.б өндірісіне пайдаланылады. Бұл өсіп тұрған қаншама ағаштардың өмірін сақтап қалады. Олай болса компания тұрғындарды бұған бей-жай қарамауды және экомарафонға белсенді түрде қатысуға шақырады. Бұл үшін бар болғаны қағаз қалдықтарды көшедегі қоқысқа емес, кіреберістегі экобоксқа салсаңыз боллды.
Экомарафонның бірінші қатысушылары «Британский квартал», «Парижский квартал», «Миланский квартал», «Премьера», «Зеленый квартал», BI City, Green Park, Park Avenue және Viva Plaza тұрғындары.
Қағаз қалдықтарын алып-шығаурмен «ТазаЖол» қоршаған ортаны қорғау компаниясы айналысады. Компанияның тарифі: 1 кг қағаз қалдық үшін 15 теңге, бір бокстың сыйымдылығы – 20 кг, яғни бір бокс үшін 300 теңге. Бұл қаражат қағаз қалдықтарын шығаруға жұмсалады.
Бұдан былай компания тұрғын үй кешендеріне экобокстарды тұрақты түрде қолданатын болады.