BI Group клиенттерінің форумы: әрбір тұрғынды тыңдау маңызды

        27 ақпан 2023

        Астанада BI Group құрылыс холдингі клиенттерінің кезекті форумы өтті. Компания мұндай кездесулерді жетінші жыл өткізіп отыр.

        Компанияның дәстүрлі іс-шарасының бұл жолғы қонақтары GreenLine.Asyl Mura 3, 4, 5 тұрғын үй кешені, GreenLine.Terra, Grand Turan (комфорт+) – 2, Бестерек – 6 және Jetisu.Lepsi – 1, 2 тұрғын үй кешендерінің жаңадан қоныстанған тұрғындары болды. Жақында ғана пәтерлеріне қоныстанған немесе жөндеу жұмыстарын бастаған тұрғындар жаңа баспанадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.

        BI Group басшылығы клиенттермен өткізілетін жеке кездесулер компанияға салынып жатқан нысандардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімді. Сонымен қатар үй тапсырылғаннан кейін бірден кері байланысқа шығу айтылған барлық ескертуді дер кезінде жөндеуге көмектеседі.

        «Біздің мақсатымыз – клиентті, оның пікірлерін, шағымдары мен алғыстарын тыңдау. Бүгінгі форум біздің тұрғындармен диалогқа дайын екенімізді тағы бір дәлелдейді. Тек осылай ғана біз одан әрі дамып, жақсара береміз. Біз 27 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелерімізді жоғары бағалаймыз, бірақ бәрінен бұрын адамдардың сенімін ақтауға тырысамыз», - деді BI Service директоры Серік Төлебаев.

        Құрылыс компаниясының қоржынында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Ташкент секілді 6 өңірде 109 жоба бар. Барлық уәде етілген жобалар салынып бітеді. Жылдар бойы жиналған абырой-бедел, сенімділік, ESG қағидаттарын ұстану мен «Жұлдызай» қорының қызметі аясында ерекше балаларға қолдау көрсету Холдингтің негізгі стандарттары болып табылады. 

        Бірінші форум барысындағыдай шуды оқшаулау, баспалдақ алаңдарын әрлеу, аулаларды абаттандыру және нысандардың сейсмикалық төзімділік деңгейі тақырыптары ашылды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. Сондай-ақ лифтілердің жұмысы, электр құлыптары, батареяларды ауыстыру және т.б. мәселелер сөз болды.

        Бигвилльдер. Компания 2 жыл бұрын аумақтарды кешенді игеруге бет бұрды. Тұрғындар осы стратегияның арқасында жақын орналасқан барлық қажетті инфрақұрылымды пайдалана алады. Олардың алғашқылары – мектептер, PlayHub және SportHub, саябақтар мен аллеялар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Биыл тағы 6 жаңа мектеп,  2 балабақша мен көршілес орталықтар салынады. Сондай-ақ тұрғындар үйлерінің жанынан заманауи емхана салу қажеттігі туралы тілектерін білдірді.

        Қызмет көрсету мен кепілдік қызметі. BI Service 400-ден астам үйге, 3500 кеңсеге, 1100 коттеджге, 25 мыңға жуық автотұраққа қызмет көрсетеді. Тұрғындардан ай сайын 16 000-ға жуық өтінім түсіп, оны мамандар жедел түрде қарастырады. Компания клиенттерін үйлер пайдалануға берілгеннен кейін де қараусыз қалдырмайды. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Десе де, компания 10-15 жылдан кейін де тұрғын үй кешеніндегі ақауларды жөндеп беретін жағдайлар кездеседі. Компанияның қызмет көрсету бөлімінің жұмысы дотациялық бағыт болса да, табыс әкелмейді, BI Group жыл сайын кешендерге қызмет көрсетуге 500 миллион теңгеден астам қаржы бөледі. Осылайша, тұрғындардың иығына ауыртпашылық салмайды..

        Жылумен/сумен қамтамасыз етудің тапшылығы. Астана – өмір сүруге ең қолайлы қала. 5 жыл ішінде мұнда тұрғын үйдің рекордтық саны  пайдалануға берілді. Болжам бойынша, биыл тұрғын үй қоры тағы 2 миллион шаршы метрге толығады. Қала инфрақұрылымының дамуы елорданың, атап айтқанда сол жағалаудың өсу қарқынына ілесе алмай келеді. Осылайша, BI Group кешендерінің тұрғындары ғана емес, Астананың көптеген тұрғыны су мен жылу тапшылығын сезініп отыр. Мәселені шешу – 3-ЖЭО мен жаңа сорғы-сүзгі стансасының мерзімінен бұрын іске қосылатынын хабарлаған қала билігінің құзырында.

        BIG App. Қосымша ай сайын жаңартылып, жаңа қажетті бөлімдермен толықтырылады. Сонымен компаниядан жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату платформасын құру функциясы жарияланды. Тұрғындар тек пәтерлер үшін ғана емес, көлік тұрақтары үшін де Trade-in қызметін енгізуді қарастыруды ұсынды.

        Жылжымайтын мүліктің инвестициялық тартымдылығы. Компания жобаларды жүзеге асыра келе, оларға өмір бойы қолдау көрсетіп, пәтердің актив ретіндегі құнын арттырып отырады. Қайталама нарықтағы мұндай үйлер жоғары сұранысқа ие және тиісті қызмет көрсетілмейтін нысандарға қарағанда өтімді. Мысалы, Мысалы, GreenLine.Asyl Mura-3 тұрғын үй кешеніндегі шаршы метрдің орташа бағасы салына басталғаннан бері 398 мың теңге болса, ал оның нарықтағы бағасы – бүгінде 700 мың теңге. Тұрғындар Grand Turan комфорт-2-дегі баспананың бір шаршы метрін 400 мыңнан сатып алса, қайталама нарықтағы құны – қазір 600 мың теңге.

        Форумда көптеген келелі мәселе шешіліп, оның нәтижесіне жауапты басшылар тағайындалды. BI Group топ-менеджменті кездесу барысында көтерілген барлық мәселені өз мойнына алып, олардың орындалу мерзімін белгіледі.

        Кездесуге қатысушылардың едәуір бөлігі Холдинг басшылығына сұрақтармен жүгінбей, жоғары стандарттар мен сапа үшін ұсыныстарын айтып, алғыс білдірді. Клиенттердің бірі Петропавлда Хрущев заманында салынған үйінен кейін BI Group компаниясының пәтерінде өзін жұмақтағыдай сезінгенін жеткізді.

        «Барлық компания тұрғындармен кері байланысқа жиі шығып тұруы керек. Мысалы, мен өз сұрағымды қойдым, енді оның шешілетініне сенімдімін. Компанияның халық игілігі үшін жұмыс істейтіні баршаға белгілі болды. Артықшылықтары да, кемшіліктері де бар, бірақ бұл қалыпты жағдай – өсу мен дамуға мүмкіндік бар деген сөз», - деп кешен тұрғыны Төлеген іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.

        Форум дәстүр бойынша әдеттегідей жағымды жаңалықпен аяқталды. Тұрғындар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп, электроника дүкені мен көлік тұрағы үшін әрқайсысы 500 мың теңгелік 10 сертификат табыстады. Басқа үйлердің жаңа қоныстанушыларына арналған келесі форум 2023 жылдың 4 наурызына жоспарланған.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.