Аудан маңызға ие
.jpeg)
ВІ Group аумақты
кешенді игеру аясында елордалық Green line ауданында бірден бірнеше тұрғын үй
кешенін салуда. Солардың бірі – FreeDom.
Өткен сенбіде құрылыс
алаңында алғашқы ашық есік күні өтті. Басты мақсат – құрылыс қарқынын,
жоспарлау және пайдаланылатын құрылыс материалдарын көрсету. Карантинге
қарамастан, үйін көруге келген клиенттердің қарасы көп болды. Олар атқарылып
жатқан жұмысқа оң бағасын берді.
- Әлем күтпеген сынақтарға
тап болды. Әсіресе құрылысшыларға жұмыс істеуге рұқсат берілмеген уақытта салған
қаражатымыз үшін алаңдадық. Бүгін жұмыстың қарқынын көріп, жүрегіміз жеңілдеді.
Бір кездері бізді бұл аймақта жағымсыз иіс бар деп қорқытқан. Шын мәнінде, бұл
жердегі ауа тұрғын үйді жалға алып жатқан ескі қалаға қарағанда әлдеқайда таза,
- дейді ВІ клиенті Әйгерім.
Комфорт санатындағы
тұрғын үй кешенінде «бизнес» санаттағы артықшылықтар байқалады. Мәселен, мұнда
Purma поляк брендінің болат радиаторлары, электронды құлыптар орнатылады. Ал
терезелердің биіктігі 190-нан 220 сантиметрге дейін болады. Пәтераралық
қабырғалар шу оқшаулаудың қолайлы деңгейін қамтамасыз ететін Акустик Про жаңа
технологиясы бойынша орындалады. Екінші және соңғы қабаттың биіктігі 3 метр болса,
қалған қабаттарда - 2,7 метр.
- Бүгінгі күні
ғимараттың қаңқасы дайын. Тоғыз қабатты блоктарда газоблокпен қалау толығымен
аяқталса, 16 қабатты мұнарада аздаған жұмыстар қалды. Әйнектеу де аяқталуға
жақын, инженерлік желілер тартылуда. 2021 жылдың басында осы жерге жылу тартуды
жоспарлап отырмыз, - дейді жобаның бас инженері Жастілек Қайыржанов.
Жоспар бойынша
FreeDom тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін тапсыру 2021 жылдың шілдесіне
жоспарланған. Бірақ құрылысшылар иелеріне кеңістік, уақыт және өз-өзімен болудың
көптеген жолдарын ұсынатын, жаңа мүмкіндіктерге толы үйге тезірек көшу үшін
кешенді мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп үміттенеді.
Айта кету керек, BI
Group компаниясы бүгінде Нұр-Сұлтанның үш ауданындағы: Президенттік саябақ,
ЭКСПО және "Хан Шатыр"СОО аумақтарда кешенді игеру жұмыстарын
жүргізуде.