Студенттер Шымкент ипподромына барды

        21 қазан 2022

        BI Group Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға бірлесіп қол қойған академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері Шымкентте салынып жатқан ипподромды көруге барды.

         

        Бұл – құрылыс мамандықтары студенттерінің BI нысандарындағы екінші «гембасы», балалар жақында Altair ТК құрылыс алаңында болды.

         

         Қазіргі уақытта ипподромда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, нысан 80% дайын, ал тапсыру 2023 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

         

         Ипподромға 20-ға жуық студент келді. Жоба командасы жас әріптестеріне 1500 орындық трибунаны, манежді, 50 атқа арналған жазғы және қысқы ат қораны, ұзындығы 2000 метрлік бәйге айналмасын, ветеринарлық блокты, сондай-ақ барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көкпар мен конкур алаңдарын көрсетті.

         

        BI қызметкерлері бірегей нысанды салу барысының қалай жүріп жатқанын көрсетіп, ол туралы айтып берді. Студенттер жұмыстың қарқынына таңданыстарын білдіріп, экскурсиядан кейін компанияда тағылымдамадан өтуге қызығушылық танытты.

         

        «Мұндай іс-шаралар бізді құрылысшы ретінде қалыптастыру үшін өте маңызды. Біздің мамандықта жалғыз теория жеткіліксіз. Тәжірибеден үйренуге мүмкіндік бергені үшін BI Group-қа көп рақмет.

        Оқулықтардағы ақпарат бір басқа, ал  тәжірибе – мүлдем басқа. Біз әрдайым, тіпті кәсіби маман бола тұра да, үйренуді тоқтатпауымыз керек екенін түсіндік. Университетте тек жалпы қағидаттарды үйренеміз, ал жобада құрылыс ерекшеліктеріне сүйене отырып, жеке шешімдерді іздеу керек. Бүгін біз бірегей және сирек кездесетін ипподром жобасының салынып жатқанын көрдік, бұл өте қызықты болды. Мұндай нысанды салу оңай емес, бірақ бұл жаңа бағытты игерудің тамаша мүмкіндігі», - деп атап өтті гемба қатысушыларының бірі Диас.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.