Құрылысшы студенттер жобаларды аралады

        17 қазан 2022

        Шымкентте салынып жатқан Altair тұрғын үй кешенінде академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері үшін BI Group компаниясы «гемба» деп атап кеткен экскурсия өткізілді.


        Бизнес-класс санатындағы Altair ТК құрылысы жақында аяқталады. Экскурсия барысында студенттер дэмо-холлмен, дэмо-қабатпен және пайдаланылатын паркинг шатырымен, құрылыс материалдарымен танысты.


        Студенттерді кореялық Daewoo E&C компаниясымен бірлесіп жасалған Acoustic Pro технологиясы қызықтырды. Бұл технология пәтердегі дыбыс оқшаулауының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Үйдің сыртқы беті аспалы, желдетілетін, клинкер тақтайшасынан жасалған. Қабырғалары газоблоктан, қаңқасы монолитті темірбетоннан жасалады.


        Altair ТК 2 кезектен тұрады. 179 пәтерден тұратын ең жақын кезекті 2023 жылдың 1 тоқсанында тапсыру көзделген.


        Жастарды құрылыстағы жұмыс пен тағылымдама мәселелері қызықтырды.


         BI Group Shymkent/Tashkent басқарма директоры Арман Қабылқас ынтымақтастық туралы меморандум аясында алғашқы гембаның өткізілуіне түсініктеме берді:
        Шымкентте құрылыс қызу қарқында жүріп жатыр. Мегаполис іске қосылған тұрғын үй ауданы бойынша барлық қазақстандық қалалар арасында көш бастап тұр және өткен жылмен салыстырғанда алты есеге жуық өсімді көрсетіп отыр.  Біз болашақ кадрларға білім беруді дамытудың бір бөлшегі болуға және университет студенттеріне қажетті алаң беруге, тәжірибеміз мен практикалық білімімізді бөлісуге әрдайым дайынбыз. Университет ұжымына ынтымақтастыққа мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.


        Осы жылдың тамыз айының соңында Халықтар достығы университетімен өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы білім беруді қолдау мақсатымен ынтымақтастық орнатып, өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік. Кәсіптік білім беру бағдарламалары мен тағылымдамалар өткізуді дамытуға, бірлескен іс-шараларды, соның ішінде құрылыс алаңдарында гемба ұйымдастыруға көмек көрсету көзделген.


        Анықтама: Холдинг Шымкентте 2021 жылғы 3 шілдеде BI University корпоративтік университетінің филиалын ашты. Компания Шымкентте көптеген әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды. Олардың ішінде: BI Green эко қозғалысы және А.Асқаров атындағы BI Chess бірінші қалалық рейтингтік турнирі бар. Осы жылдың басында балалар мен ересектерді нейрореабилитациялау және кардиореабилитациялау.


        үшін «Жұлдызай» корпоративтік қорының бесінші медициналық оңалту орталығы іске қосылды. Сонымен қатар Қор өңірде орталық ашып, тәлімгерлік бағдарламасын іске қосты, оның аясында реабилитология және ортопедия саласындағы жетекші шетелдік мамандар консультациялар мен операциялар жүргізетін болады.



        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.