Алматының ең гүлді тұрғын үйі тапсырылды

        3 шілде 2020

        BI Group компаниясы Gulder тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің тұрғындарына пәтер кілттерін табыстады. Наурызбай ауданында орналасқан жаңа тұрғын үй жарқын сәулетімен Райымбек даңғылындағы көрікті ғимараттардың біріне айналды. Пайдалануға берілген кешеннің алғашқы кезегі 15 айдың ішінде бой көтерді. 


             Үйдің басты артықшылығы – конструкциялардың қауіпсіздігі мен 9 баллға дейінгі сейсмикалық төзімділігі. Мұндай көрсеткіштерге BI Group үздік инженерлердің сапалы әрлеуі мен қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізді. Үй аумағын таудан ескен салқын самал жел еркін айналанып өте алады. Аулада қауіпсіз ойын алаңдары және бала арбасымен серуендейтін орындар қарастырылған. Ал спорт әуесқойлары үшін workout және футбол алаңы бар. Тұрғындар алысқа бармай-ақ үй бойымен өтетін аллеяда серуендей алады. Сондай-ақ, олардың қауіпсіздігі үшін барлық аумақ жарықтандырылып, бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Аулаға тек шлагбаум арқылы кіруге рұқсат етіледі. 


              Бірінші кезек 12 және 16 қабатты блоктардан тұрады. Әр қабатта төбе биіктігі 2,7 метр болатын 5-6 пәтерден бар. Күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәрі: балалар орталықтары, мейрамхана, дәріхана мен дүкендер үйден бірер қадам жерде орналасқан. Көлікпен «Moll Aport», «Азия Парк» және «Арзан» сауда орталықтарына 5 минутта жетуге болса, Алматы Арена және «Hawaii» аквапаркіне 10 минутта баруға болады.


               «Тіпті карантин режимінде мамандардың жетіспеушілігі жобаны белгіленген мерзімде тапсыруға кедергі келтірген жоқ. Біз бірінші кезекті 15 айда аяқтауды мақсат етіп қойдық және клиенттеріміздің алдында өз уәдемізді орындадық. Өз қалауындағы пәтерді тапқан әрбір отбасы үшін қуаныштымыз» - дейді жоба жетекшісі Тимур Беисов.


               Тұрғын үйдің 4 кезегінің өз атауы мен мәні бар: «Ádemі gúlі» махаббат пен сұлулықты, «Taý gúlі» үйлесім мен тыныштықты, «Dala gúlі» қуаныш пен жылулықты, ал «Orman gúlі» - достық пен мейірімділікті бейнелейді. 


              Қазір кешеннің 2-ші кезегіндегі пәтерлер сатылуда. Сатып алу шарттары мен акциялар бойынша толық ақпаратты BI Group сату бөлімінен немесе 360 нөмірі арқылы біле аласыз.

        Көп пәтерлі Gulder ТҮК құрылысын аяқтау туралы №37 кепілдік «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен» берілген.  Құрылыс салушы : "Милан-Астана" ЖШС. Уәкілетті компания : "Сармат Групп-2" ЖШС. Нысан "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң шеңберінде жүзеге асырылуда.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.