"Гранд Опера" басталады...

Театр – киім ілгіштен, ал тұрғын үй кешені фасадтан басталады. Grand Opera әрлеуінде бірден 4 түрлі материал қолданылады және бұл жоба командасының жалғыз қызықты шешімі емес.
Нұр-Сұлтан – шұғыл континенталды климат пен төтенше ауа райы жағдайларының қаласы. Бұған наурыз күндері тағы да көзіміз жетті. Сондықтан сәулетшілер үйге "киім" таңдауға көп көңіл бөледі. Фасад берік, экологиялық таза болуы, жоғары температураға, вандалдардың соққыларына, желге төтеп беріп, күн сәулесіне күйіп кетпеуі керек. Жаңа кешенде қолданылатын барлық материалдар: HPL панельдері, алюминий, клинкер кірпіші және полимербетон осы қасиеттерге ие. Соңғы материал жақында ғана BI Group нысандарында қолданыла бастаса да, ол өзінің лайықты бағасын алып үлгерді. Полимербетон – берік, бұзылмайтын және оңай орнатылатын материал.
Ең жақсы аула
Grand Opera тұрғын үй кешенінің ауласындағы шағын сәулет нысандарының көптігінен басың айналады. Мұнда батут, тарзанка, тіпті балалар экскаваторы және әлемдік көшбасшы, даниялық Kompan компаниясы өндіретін ойын конструкцияларының басқа түрлері бар. Мұны көрген ересектер, әрине, балалық шаққа қайта оралғысы келеді. Нарық көшбасшысы Foreman компаниясының кәсіби тренажерлері де қызықтырары сөзсіз. Өзгеше селфиді ротон немесе арфаның жанында жасауға болады.
Қауіпсіздік
Компания үйлерінің ішіндегі ең стильді күзет пункті осында орналасқан болуы керек. Фасад кешенмен бір стильде жасалған. Сонымен қатар, секьюритидің өзінің шағын алаңы бар. Күзетші тұрғындардың қауіпсіздігіне 24/7 режимінде жауап береді. Тағы бір жаңалық – терезелердегі құлыптар. Жоба командасы мұнда классикалық кабельдерден бас тартуға шешім қабылдап, кілтті қолданған. Қажет болған кезде терезені ашып, пәтерді желдетіп, қайта кілтпен жауып қоюға болады.
Үй "жүрегі"
Мұндағы жылу торабында қызметкерлердің ыңғайлы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін, сондай-ақ тұрғындарға жайлылық сыйлайтын біршама шаңашылдықтар орын алды. Мысалы, металл бұрыштардың орнына Hilt – діріл мен су соққыларын сіңіретін резеңке қысқыштар жүйесі қарастырылды. Осының арқасында құбырлар әлдеқайда ұзақ сақталады. Сонымен қатар, мұнда нақышталған биркалар орнатылған. Бұрын оларды ламинаттайтын, алайда ылғалдылықтың әсерінен ақпарат өшіп кететін. Енді гравировка бұл мәселені шешті десек те болады.
"Grand Opera артықшылықтары туралы шексіз айтуға болады. Кешеннің өзі қандай жерде орналасқан! Таяу маңда "Сарыарқа" СОО, Astana Opera театры, № 17 мектеп, Астаналық саябақ және басқа да маңызды нысандар бар", - дейді учаске бастығы Нұрлан Қуандықов.
Кешенде тағы бірнеше пәтер мен тұрақ орындары қалды. Толығырақ сату бөлімдерінен немесе 360 нөмірі бойынша біле аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.