Астанада ауласында гамактары бар, бай көгалдандырылған үй тапсырылды

Grand Turan бигвилі 13 гектар аумақты алып жатыр және Тұран даңғылы
мен Сығанақ көшесінің қиылысында орналасқан. Жоба 4 комфорт және 4 бизнес-класс кезектерінен тұрады.
Құрылыстың аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта әр
сегменттен 2 кезек іске асырылды.
Үйдің жанында медициналық кластер орналасқан,
оған республикалық диагностикалық орталық, ана мен бала орталығы, Ұлттық
нейрохирургия, балаларды оңалту, онкология және кардиохирургия орталықтары
кіреді. Сондай-ақ, ауданда сауда орталығы мен мектептер, соның ішінде BINOM
мектебі бар.
Үй құрылысында қасбетке арналған монолитті темірбетон қаңқасы, алюминий кассеталар
және фибробетон плиталары, терезелер үшін - Schuco алюминий профильдері
қолданылды. Acoustic Pro жоғары шу оқшаулау технологиясы қолданылды.
Блок ауласы 1500 шаршы метрді алады. Көгалдандыру
үшін ұсақ жапырақты жөке
ағашы, ырғайр, қарағай, алма сияқты ағаш түрлері, көгалдар
отырғызылды. Аула алаңы, құрылыс салушының стандарттарына сәйкес, балаларға арналған алаң мен тыныш
аймаққа бөлінген. Ойын кешендерін Buglo поляк компаниясы өндірген, аумақ
құлағанды жұмсартатын тартан жабынымен жабылған.
Тұрғындар жазғы
кештерден ләззат алу үшін үшін гамактар мен орындықтар орнатылған.
Бигвильдің сәні – 0,8 га құрайтын жеке аллеясы.
Бұл жерде ірі ағаштар, көпжылдық бұталар отырғызылған.
Тұрғызылып біткен кезекте 10 бос пәтер қалды, оларды арнайы шарттармен сатып
алуға болады, сондай-ақ 20% бастапқы жарнамен ипотека қолжетімді. Пәтерлердің
жобасы мен сатып алудың арнайы шарттарымен BI Group сату бөлімдерінен анықтап
біле аласыздар.