GreenLine бигвиллінің аумағында жаңа квартал салынады

Бүгін елордадағы 1500 пәтерді қамтитын GreenLine Aqua
кварталында жылжымайтын мүлікке сатылым басталды. Кешен ең жасыл бигвилль құрамына кіреді, оның
тартылу орталығы – GreenLine жаяу жүргінші желекжолы болмақ. Ол қаланың басты
көрікті жерлері – «Хан
Шатыр» СОО мен «Бәйтерек» монументі
арқылы өтетін негізгі сулы-жасыл желекті жалғастырады.
Жайлы
өмір үшін керектінің бәрі бар
GreenLine Aqua-ның болашақ тұрғындары бигвиллдің артықшылықтарын
ерекше бағалайтыны сөзсіз. 121 гектарды алып жатқан үлкен аумақта кез-келген
жастағы тұрғындардың жайлылығы үшін барлық нәрсе қарастырылған. Негізгі
нысандар қатарына 3 мектеп, 5 playhub, саябақ аймағы, GreenLine желекжолы,
сауда және ойын-сауық орталықтары кіреді. Мұнда 10 шақырым веложол төселген,
жайлы демалыс аймақтары мен аллеялар құрылған. GreenLine.Aqua кварталына жақын
маңда ашық аспан астында орналасатын спорттық playhub салынатын болады.
Ең
жоғары стандарттар
GreenLine Aqua Business кварталында 9-12 қабатты бизнес
санаттағы үйлерден тұратын екі кезек болады. Фасад жылы түстерде орындалған клинкер
кірпіш пен плиткалардан тұрады. Желдетілетін
аспалы фасад үйге жоғары талғампаздық береді.
Үй салу кезінде ең сапалы материалдар мен сенімді
шешімдер қолданылады. Мысалы, үй қаңқасы монолитті темір бетоннан тұрса,
металлопластикалық терезелер үш рет әйнектеледі. Ал қабырғалар газоблоктан
тұрғызылады.
Аулаларда ландшафтық дизайн жасалып, тірі табиғат
теңгерімі мен қала қолайлылығы сақталатын болады. Ашық аспан астында демалу
үшін жайлы күркелер мен орындықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын
алаңдары қарастырылып, онда көгалдар мен гүлденген бұталар отырғызылады.
Құрылыс салушы – BI Group компаниясының стандарттары бойынша аулаларға көліктердің
кіруіне тиым салынады. Тұрғындардың қауіпсіздігін кешеннің барлық аумағына
орнатылған бейнебақылау тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Холлдардың сәнді және авторлық дизайны бойынша
безендірілген интерьері кіреберіске тамаша атмосфера сыйлайды. Тұрғындардың
жайлылығы үшін балалар арбасын қоятын орындар, сондай-ақ жабық көлік тұрағында
– велотұрақтар мен қоймалар қарастырылады.
Инновациялық
толықтыру
Абылай Көшербай, жобаларды дамыту жөніндегі менеджер:
«Алғашқы
кезектерге клиенттерге ауданы 40-тан 143 шаршы метрге дейінгі бизнес санаттағы
268 пәтер ұсынылады.Үйлерге қосымша кеңістікті 3 метр (соңғы қабаттарда – 3,3
метр) болатын төбелер, 2,3 метр болатын биік есіктер мен жарық пен жылу беретін
үлкейтілген терезелер сыйлайтын болады. Әр пәтердің жоспарлауы ұсақ-түйекке дейін
ойластырылған. Алайда, басты артықшылық – жобадағы инновациялық толықтырулар. Мұнда
электронды құлпы бар дизайнерлік кіру есіктері, IP-домофония және «Wallee Z
ақылды үй» жүйесі орнатылатын болады.
Бұл жобадағы «ақылды үй» жүйесінің ерекшелігі – ол
негізгі пакетке қосылады және кварталдағы әр пәтерге қосымша ақысыз орнатылады.
Тұрғындарға су ағу, қозғалыс, есік, түтін датчиктері, кіреберістегі жарықты
басқару, «барлығын өшіру» функциясы және деректерді бірден ақшалай түрде
көрсететін есептегіштер қолжетімді болмақ. Барлық функцияларды мобильді қосымша
арқылы қашықтан басқаруға болады.
Компания бірінші кезектің құрылысын 2023 жылдың 2
тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
Егер сіз GreenLine Aqua жаңа кварталында пәтер немесе
кеңсе иесі болғыңыз келсе, BI Group компаниясының сату бөлімдеріне
хабарласыңыз. Толық ақпаратты 360 қысқа нөмері бойынша алуға болады.