GreenLine бигвилліндегі Freedom жобасы құрылысының аяқталуы

FreeDom-ның екінші
кезегінің құрылысы сәтті аяқталып, GreenLine бигвиллі кезекті кварталмен
толықты. Жоба Сығанақ көшесінде орналасқан және жайлы өмір сүру үшін барлық
нәрсе қарастырылған үлкен мегаполис аумағына кіреді. Мұнда мектептер, медицина және
спорт мекемелері, көлдері бар саябақ аймақтары, саяжолдар мен сауда орталықтары
бар. Осындай басымдыққа ие кешеннің тұрғындары жақында өз пәтерлерінің
кілттерін алды.
Алайда, дәстүрлі
кілттерді мұнда карталар алмастырды. Прогрессивті құрылыс салушылар жаңа ғимараттарда
ыңғайлы және сенімді электронды құлыптар орнатуда. GreenLine.Freedom-да пәтерлердің
есіктері карта немесе код арқылы ашылады. Жоба командасы стандартты кіреберістерден
де алыстап кетті. Мұнда авторлық дизайны мен ыңғайлы навигациясы бар ерекше кең
залдар қарастырылған. Әр алаңда – ауданы 38-ден 119 шаршы метрге дейінгі 4
немесе 6 пәтерден бар.
«Пәтерлерде біздің команда бірегей шешімдерді
пайдаланды. Мысалы, үлкейтілген терезе және есік ойықтары, төмен терезе алды
тақтайлары, сондай-ақ артық бұрыштары жоқ эргономикалық кеңістік. Еденді
дыбыстан оқшаулау үшін минералды плита қолданылды. Алаңдағы пәтерлер арасында
шуды оқшаулаудың жаңа технологиясы енгізілді», - дейді жобаның бақыт менеджері
Игілік Ақанов.
Кешен фасадының
күрделі, әрі сәнді рельефтік дизайны қызықтырады. Сондай-ақ мұнда кондиционерлер
үшін себеттер қарастырылған.
Тұжырымдама бойынша,
барлық жастағы тұрғындардың қажеттіліктері ескеріліп, кең аула құрылған: ойын,
workout және рекреациялық аймақтар, футбол алаңы, көліктер үшін шектеулі
қолжетімділік, бейнебақылау, сондай-ақ көп деңгейлі жарықтандыру.
GreenLine.FreeDom-ның
пәтерлері әлі де сатылымда бар. Сатып алу туралы ақпарат алу үшін компанияның
сату бөлімдеріне жүгініңіз немесе 360 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы
телефоннан тегін).