Gulder тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті

BI Group компаниясының Gulder тұрғын үй кешенінің екінші кезегінің құрылыс алаңында ашық есік күні өтті. Нысан Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан.
Іс-шарада болашақ тұрғындар құрылыс барысымен танысып, өз пәтерлерін көре алды. Сондай-ақ, клиенттерде ұсыныстар мен түзетулер енгізуге өтінімдер қалдыру мүмкіндігі болды. Жоба командасы қонақтарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
"Клиенттер пәтерлерін, олардың жоспарлауын қарап шықты. Әсіресе, бәріне біздің әрлеуіміздің сапасы ұнады. Болашақ тұрғындар риза болып, өз алғыстарын жаудырды. Мамыр айының соңында кешенді пайдалануға беріп, кілттерді табыстаймыз", - дейді жоба жетекшісі Тимур Беисов.
Ашық есік күнінде санитарлық нормалар толық сақталды. Әр келушіге медициналық маска, каска және желетке берілді.
Клиенттер өз әсерлерімен бөлісті.
"Пәтерлер өте жақсы жоспарланған. Газоблок қабырғалардың қалыңдығы көңілімнен шықты. Жоба командасы барлығын егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл біз үшін өте маңызды. BI Group – нарықта өте жақсы беделге ие компания. Сондықтан біздің таңдауымыз дәл осы компанияға түсті. Ашық есік күні өте жақсы ұйымдастырылды"- дейді болашақ тұрғын Шолпан Қайырова.
"Біз BI Group-ты таңдадық, себебі компания өзін баяғыда-ақ дәлелдеген. Бізге Gulder тұрғын үй кешенінің жарқын фасады ұнады. Клиенттерге деген кәсіби көзқарас сезіледі", - дейді компанияның тағы бір Меруерт есімді клиенті.
Gulder тұрғын үй кешені – әдемі гүл шоғы іспеттес. Кешеннің әр кезегі –
өз алдына ерекше "гүл". "Ádemі gúlі" махаббат пен сұлулықты,"Taý gúlі "үйлесімділік пен тыныштықты,"Dala gúlі" қуаныш пен жылулықты, ал "Orman gúlі" - достық пен мейірімділікті білдіреді.
Үйге жақын жерде – балалар орталықтары, кафелер, мейрамханалар, дәріханалар мен дүкендер бар. Автокөлікпен бар болғаны 5 минут ішінде оңтүстік мегаполистің маңызды нысандарына: "Moll Aport", "Азия Парк" СОО және "Арзан" оптомаркетіне, 10 минутта: "Алматы Арена" мен "Hawaii"аквапаркіне жетуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Gulder тұрғын үй кешенінің екінші кезегін тапсыру 2021 жылдың мамыр айының соңына жоспарланған.