Қарқынды дамудың 26 жылы: BI Group өзінің туған күнін атап өтуде

Біздің Холдинг бүгін өзінің 26-шы туған күнін атап өтуде.
1995 жылдың 25 мамырында Қазақстан нарығында BI Group негізін қалаушы "АзТЭК" ЖШС тіркелді.
Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде шағын кәсіпорын 5 мың қызметкері, 50 мың бизнес серіктесі, 200 мың клиенті және мыңдаған жобалары бар құрылыс империясына айналды.
Жылдар бойы біздің компания өз миссиясын орындауда:"Мұнда бақыт салынуда".
"Біздің тұрақтылығымыздың іргетасы – 5 млн шаршы метр салынған тұрғын үй, өнеркәсіптік және азаматтық инфрақұрылым объектілері, коммерциялық жылжымайтын мүлік, мың шақырым жол. Өткен жылы біз пандемия жағдайында жұмыс істедік, бірақ соған қарамастан барлық уәде етілген жобаларды жүзеге асырдық, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындадық және алдағы жылдарға үлкен жоспарлар белгіледік", - деп атап өтті холдингтің басқарма төрағасы Амангелді Омаров.
Дәстүр бойынша, әр туған күннің алдында қорытынды жасап, өткен жылға бір көз жүгіртеміз. Холдингтің тағы бір жылы қалай өтті және қандай жұмыс атқарылды?
Біздің компания өсіп, дамып келеді. Шетелде ауқымды жобалар басталды. Цифрландыру және жаңа инновациялық, сондай-ақ технологиялық өнімдерді енгізу бағыты қолға алынды.
Өткен жылдың ең маңызды жобасы – жұқпалы аурулар ауруханалары. Пандемия басталғаннан бері компания еліміздің 14: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған қаласында 15 аурухана тұрғызды. Барлық мекемелердің жалпы қуаттылығы – 2700 орын.
Сондай-ақ, биылғы жылы елдегі оқушы орындарының өткір жетіспеушілігін шешуге арналған BINOM жаңа буынның бірегей smart-мектептерінің құрылысы басталды.
Модульдік үй құрылысы бойынша Modex зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның озық технологияларының арқасында 6 айдың ішінде ауданы 9 мың шаршы метр болатын алғашқы 16 қабатты "7Я" үйі салынды.
Компания өзінің 26-шы жұмыс жылында Қазақстанның жаңа рухани астанасы – Түркістан қаласында ауқымды жобаларды іске асырды. Олардың арасында хандар мен билер мұражайы, драма театр, 7 мың орындық стадион, "Нұр-Сұлтан" алаңы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйі бар.
Жалпы холдинг Hilton Worldwide компаниясымен Орталық Азияда Hampton by Hilton-ның 10 қонақ үйінің құрылысы туралы Бас келісімге қол қойды. Биыл Hampton by Hilton Tashkent Park Abdula Kodiri капсуласы салынды. Бұл BI Group және Hilton Worldwide-тың төртінші бірлескен жобасы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақтау қаласының жаңа туристік орталығында, Каспий теңізінің жағасында Hilton қонақ үй желісінің құрылысы жүргізілуде.
Ақтау туралы айтатын болсақ, өңірде ауқымды жоба – Aktau Riviera кешені басталғанын атап өтуге болады. Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы – BI Group инновациялық-құрылыс холдингінің Қазақстандағы алтыншы қаласы және компания өзінің сату бөлімін ашқан бесінші өңір.
Ақтау – компания үшін өткен жылғы жалғыз жаңа нарық емес. BI Group Шымкенттегі алғашқы Tamerlan Residence тұрғын үй кешенін тапсырды.
Биылғы жылы Холдинг қор нарығына шығудың жаңа көрсеткішін орнатты. Алғаш рет AIX-те облигацияларды жария орналастыру жүзеге асырылды. Бұл Қазақстанның құрылыс индустриясындағы нарықтық мәмілелерге бастама берді. Орналастыру сұраныстың ұсыныстан 1,5 есе артуымен қатар жүрді.
Жалпы, 2020 жылғы түсім шамамен 585 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 1,5 есе жоғары. EBITDA 68 млрд теңгеге жетті, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден 2,6 есе артық. Біздің компания ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. Өткен жылы ғана бюджетке 30 млрд теңгеден астам салық аударылды.
BI Group компаниясының тұрақты әлеуметтік-қайырымдылық қызметі корпоративтік стратегияның бір бөлігін құрайды және ұйымның құндылықтарын көрсетеді. Холдинг, оның акционерлері мен қызметкерлері дәстүр бойынша "BI-Жұлдызай", "Ана үйі", IQanat found қорлары сынды жобаларды жүзеге асырыруға атсалысады. Отандық денсаулық сақтау саласына COVID-пен күресуде көмек көрсетілді, компанияның жеке ПТР-зертханасы ашылды. Холдинг мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қолжетімді ету, спорт, экология және басқа да салалардағы жобаларды дамытуда.