Happy StartUp. Барлығы бақытты бастама үшін!

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «20 жыл – 20 игі іс» корпоративтік мерейтойлық бағдарламасы аясында BI Group құрылыс компаниясы жариялаған «Happy StartUp» конкурсының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға BI Group PR директоры Гаухар Керимова, BI University директоры Ольга Баспаева, BI Development даму бөлімінің бастығы – Айбар Муканов және «Жас Отан» төрағасы Данияр Сүндетпаев қатысты.
«Біз одан әрі дамығанды, жаңарғанды қалаймыз, ең бастысы – біздің үйлерде қолайлы өмір сүруді қалыптастыру. Сондықтан BI Group компаниясы «20 жыл – 20 игі іс» корпоративтік мерейтойлық бағдарламасы аясында біздің тұрғын үй кешендердің сапасын арттыру бойынша «Happy StartUp» конкурсын жариялады, - деп атап өтті Гаухар Керимова.
Конкурсқа жастық ерекшелігіне, тұрғылықты орнына, мамандығына қарамастан Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Сіз тек, біздің өнімнің сапасын жақсарту бойынша бір немесе бірнеше идеяңызды ұсынып, http://bi-group.org/happystartup сілтемесі арқылы өтінішті толтырсаңыз болғаны!
Ең үздік идеялар компания стандартына енгізіледі және ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ 10 финалист BI University-де өткізілетін тренингтерге сертификат алады.
«2018 жылы біздің компания 51 кезек үйді, оның ішінде елордамыздың жаңа көрікті орындарына айналатын 13 жаңа және бірегей жобаны жүзеге асырады», - дейді BI Group Даму бөлімінің бастығы Айбар Муканов.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуы шағын және орта бизнестегі стартап жобаларды ынталандыру бойынша шараларды қамтиды. Осындай жобалар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілік те, тиісінше оқыу сапасы да соғұрлым жоғары болады», - дейді Ольга Баспаева, BI University директоры.
«Біздің «Жас Отан» Жастан қанаты» елордамыздың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын мұндай стартап жобаларды әрқашан қолдайды. Біз де жастар саясатына және тұтастай алғанда, жастар өміріне жаңа шешімдер енгізуге бағытталған осындай жобаларды жүргіземіз», - деп қорытындылады кездесуді «Жас Отан» төрағасы Данияр Сүндетпаев.
Конкурсқа идеялар 2018 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады.
23 сәуір күні қазылар алқасы, компаниямыздың инстаграм парақшасында @bi.group тікелей эфирінде 10 жобаны анықтайды.
Жүлде қоры: I орын үшін – 300 000тг., II орын – 200 000 тг., III орын – 100 000 тг. Сонымен қатар, ең үздің 10 жоба авторлары компания қызметкерлерімен бірге BI University-де өтетін кез-келген тренингке қатыса алады.