Headliner тұрғын үй кешеніндегі таңғаларлық 7 нәрсе

Әдетте, Ашық есік күндеріне келушілердің саны
көп бола қоймайды, неге десеңіз ашық құрылыс алаңы мен салынып жатқан ғимарат
кім-кімді де онша қызықтыра қоймас. Алайда бұл жолы басқаша, оның 7 себебіне
тоқталайық.
1)
Негізі, жоспар бойынша абаттандыру жұмыстары үй салынып біткен соң
жасалады. Ал мұнда екі процесс қатар жүруде, бұған ауа-райы да қолайлы болып
тұр. Есесіне Ашық есік күні де тамаша өтті. Қазірдің өзінде үй территориясына
кеспе тастар төселген, отырғызылатын көшеттер үшін де орын дайындалған. Объекті
аумағы таза.
2)
Пәтерлердің сыртқы есіктері әдетте қоңыр, қара түсті немесе ағаш түрінде
болады. Ал мұнда сүттің түсіндей ақшыл сары. Өте әдемі көрінеді. Нанбасаңыз,
«Времена года: Лето 3-3» тұрғын үй кешеніне барып, көрсеңіз болады.
3)
Команда жобаға өзгешелік енгізді. Күзет бекетінің орнын ауыстырудың
арқасында кешеннің өз «коворкингі» пайда болды. Онда сіз жақындарыңызбен
кездесу ұйымдастырып қана қоймай, көршілеріңізбен үстел ойындарын ойнай аласыз.
4)
Пәтерлердің орналасуына келсек, мұнда олар өте ыңғайлы жоспарланған.
Бөлмелер төртбұрышты әрі бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және шағын
лоджиялары бар. Бұлтты күнге қарамастан биіктігі 2.2 метр терезелердің
арқасында бөлме ішінге жарық жақсы түсіп тұр.
5)
Тұрғындардың жайлы өмір сүрулері үшін «Қабырғадағы қабырға» Акустик Про
технологиясы пайдаланылған. Дыбыс өткізбейтін пәтераралық қабырға - газоблок,
минплита және екі жағынан гипсокартооның екі қабатынан тұрады.
6)
Жақын арада тұрғын үйдің үшінші кезегінің, ал келесі жылы екінші кезегінің
құрылысы басталады, бірақ аула, футбол алаңы, ойын алаңқайлары оған дейін дайын
болады. Бірінші кезекте ересектер мен балалардың ойын-сауығы үшін барлық жағдай
жасалады.
Жоба жетекшісі орынбасырының міндетін атқарушы Максим Мухамбетов айтып өткендей, құрылыс
жұмыстары жоспарға сай жүруде. Тұрғын үй 2021 жылдың мамыр айында тапсырылады.
Материалдарды жеткізу бойынша барлық қажетті келісімшарттар жасалды. Бастапқыда
жоспарланғандай материалдардың көбі Ресей мен Еуропада өндірілген. Атап
айтқанда, ресейлік есіктер, польшалық радиаторлар, Швейцария брендінің
лифтілері. Жалғыз нюанс – тұрғын үйдің шоу-румы әлі дайын емес. Десе де Ашық
есік күнін екінші рет өткізуге нақты себеп бар, сіз енді екінші ашық есік
күнінде пәтердің дайын шоу-румын көріп, болашақ пәтеріңіздің қандай болатынын
елестете аласыз.
Құрылыс процесін онлайн-трансляция арқылы да,
«Хан-Шатыр» сауда орталығына шоппинг кезінде де байқауға болады. Жаңа кешен
танымал сауда-ойын-сауық орталығынан бірер қадам жерде орналасқан.
Бірінші кезекте әлі де пәтерлер, кеңсеге
арналған бөлмелер мен автотұрақта орындар бар. Толық ақпаратты сату
бөлімдерімізден немесе 360 нөмірі бойынша алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау
шалу тегін.