Үй танымал бола ала ма?

        5 сәуір 2021

        Біз бұл сұрақтың жауабын елордада бірінші кезегі пайдалануға берілген Headliner тұрғын үй кешенінен іздедік.

        Бәйтерекке қарсы орналасқан

        Елорда тұрғындары мен қонақтарына белгілі Нұржол бульвары жалғасып жатады. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығынан 305-көшеге дейін аумақты кешенді дамыту басталды. Мұнда тұрғын үй кешендерінен бөлек сингапурлық оқыту әдісі бар жеке мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп те қарастырылған. Басқа инфрақұрылым нысандарының қатарында елдегі ең үлкен спорт залы бар Invictus фитнес-клубын, Green Mall-да орналасқан мейрамханалар галереясы, екі Magnum супермаркеті және т.б. Жаңа аумақтың орталығында аллея болады. Бұл аудан жасыл желекке бөленген аудандардың бірі болмақ. Осыған байланысты оның Greenline деп аталуы да кездейсоқ емес.

        Стилі

        Құрылысшылар үйдің сыртын да, ішін де бизнес-класс деңгейіне сай салған. Үш түсті алюминийден, клинкер кірпіштен және граниттен жасалған үйдің сыртқы беті әдемі әрі жайлы көрінеді. Кіреберістегі ақ түсті есіктер өте сәнді етіп жасалған. Есіктердің арнайы бояуы жеңіл тазаланады. Электрондық құлыптар саусақ таңбасы, код, карта немесе механикалық кілт арқылы ашылады. Швейцариялық Shindler брендінің дыбыссыз лифтілері «ағаштан» істелген сияқты жасалған. Мұны пәтер иелері әрлеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін көре алады. Бірінші және екінші қабаттардағы лифт порталдары мәрмәрдан жасалған. Басқа қабаттарда әйнек және қаңылтыр қолданылған. Қабырғалардың кейбір бөліктері дәстүрлы бояумен қатар МДФ-пен де әрленген.

        Компанияның жаңа стандарттары

        Headliner компаниясы төбені безендіруден бас тартқан алғашқы үй болды. Тәжірибе көрсеткендей, мұның ешқандай мәні жоқ. Кейбір сатып алушылар көп қолданылатын созылатын төбелерді жақсы көреді. Басқалары гипс-қатырманы пайдаланады. Сонымен қатар мұнда пошта жәшіктері орнатылмаған. Адамдар түбіртектерді қосымша арқылы алады және бонустарды ала отырып, сол қосымшада төлеуді жөн көреді. Орнатылған Tastamate-тан хаттар, бандерольдар, шағын сәлемдемелерді алуға болады. Daewoo оңтүстік кореялық мамандарымен бірлесіп жасалған дыбыс оқшаулаудың жаңа Acoustic Pro стандартын да атап өткен жөн.

        Бағдарламаның түйіні

        Екінші және үшінші кезектер салынып жатқанымен, барлық ойын-сауық мүмкіндіктері бірінші кезек тұрғындарына қолжетімді болып табылады. Футбол алаңы, ашық ауадағы жаттығу құрылғылары, секіріп ойнауға немесе қармен ойнауға арналған ойын алаңдары бар. Суық ауа райында немесе жаңбырлы күндері ойын бөлмесінде уақыт өткізе аласыз. Мұнда әуе хоккейін, шахмат, монополия ойнауға, кітап оқуға немесе жай ғана әңгімелесуден рақат алуға болады, себебі пандемия мен ғаламтор дәуірінде адамдар арасындағы бетпе-бет әңгімелесу өте сирек кездеседі. Тағы бір назар аударарлық орын -амфитеатр. Мұнда жастармен қатар басқа да тұрғындар өз таланттарын көрсете алады. Кім біледі, мүмкін олар болашақта әйгілі фестивальдардың хедлайнеріне айналатын шығар.

        Сонымен үй танымал бола ала ма? Әрине!

        Headliner – бұл орналасқан жері, дамыған инфрақұрылымы, пәтер бөлмелерінің тиімді орналасуы және бөлмелердің басым көпшілігінің ыңғайлы төртбұрыш болып келуі сияқты бірқатар тамаша факторлардың балансын құрайтын кешен. Бірінші кезектегі 104 пәтердің бәрі ендігі сатылып кеткені таңқаларлық емес, алайда осы жылы тапсырылатын екінші және үшінші кезектегі пәтерлерді сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

        Толық ақпаратты біздің сату бөлімдерінен және 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы ала аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.