Хоккей жанкүйері Астанада тегін мұз айдынын жасап берді

        12 желтоқсан 2017

        Deluxe Town тұрғын үй кешенінің Валерий есімді тұрғыны – шайбалы хоккейдің жанкүйері. Үй ауласынан, дәлірек айтқанда волейбол алаңына мұз айдынын жасауды шешеді.

        Оның бұл бастамасын көршілері қолдайды, бірақ көмектесуге ешкім шықпады.

        Мұз айдынын қар жауғанға дейін жасау керек, сондықтан көп күттірмей 1-желтоқсанда балаларымен бірге жұмысқа кіріседі. Көмекке келген объекті менеджері, аула сыпырушылармен бірлесіп небәрі екі күнде бітірді.

        Шығындардың бір бөлігін өз мойнына алған Валераға тұрғындардың атынан рахмет, - дейді объекті менеджері.

        Әдетте балалар сабақтан келгенде дала қараңғы болады. Конькимен сырғанау үшін жарық қажет-ақ. Валерий жарықтандыруды жасауға ұсыныс тастайды. Компания оны жасап берем дегенше, көп күттірмей оны өзі жасауды қолына алады, бұл жолы да өз қаражаты есебінен.

        Балаларын осындай игі іске баулитын тұрғындар аз емес бізде. Қайырымды істің әрдайым қайыры мол. Сол балалардың арасынан ертең болашақ чемпиондардың шықпасына кім кепіл?!


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.