BI Group қолдауымен голливудтық фэнтези фильм қазақ тілінде жарық көрді

        25 қараша 2021

        Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қазақ тіліндегі "Энканто" жаңа музыкалық фэнтези фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл әлемдік кино өнерінің мемлекеттік тілге дубляждалған 60-шы шетелдік шедеврі және BI Group инновациялық құрылыс холдингінің демеушілігімен аударылған 13-ші туынды.

        Талантты режиссерлер Байрон Ховард пен Джаред Буш түсірген Disney студиясы фильмінің премьерасы қарсаңында алдын ала көрсетілімдер Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтті. Іс-шараға «Болашақ» қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, BI Group компаниясының өкілдері, актерлер, блогерлер, журналистер, медиа-тұлғалар және басқалар қатысты.

        - Біз ел мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тілді дәріптеуге үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Жас көрермендердің тілді осындай қызықты, әрі еркін түрде үйренуге және дамытуға мүмкіндігі бар екені керемет, - деп атап өтті холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.

        Қазақстан кинотеатрларында «Энканто» 25 қарашада қазақ және орыс тілдерінде шығады. Содан кейін IVI және Megogo онлайн-кинотеатрларында қазақ тілінде көруге болатын шетелдік фильмдер топтамасын толықтырады. Қазақ тіліндегі трейлерді мына сілтеме бойынша көруге болады.

        Айта кетейік, 10 жыл ішінде «Болашақ» қоры қазақ тіліндегі әлемдік анимация мен ойын киносы жауһарларының «алтын қорын» құрды.  «Өзіңнен баста» фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасы 2011 жылдан бастап әрбір азаматтың ойын-сауық саласында тілді еркін таңдау құқығын иемденуге ықпал етіп келеді. Халықаралық стримингтік платформаларда қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің болуы – мемлекеттік тілдің шет елдерде ілгерілеуіне оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ әлемдік киноиндустрияның алыптарымен ынтымақтастық қазақ тілін халықаралық аренаға шығарады.

        BI Grouр-тың қаржылық қатысуымен 2018 жылдан бастап қазақ тілінде «Құбыжықтар демалыста 3: теңізге саяхат», «Шақылдақ пен төрт патшалық», «Дамбо», «Алладин», «Ойыншықтар оқиғасы 4», «Арыстан патша», «Мұзды өлке 2», «Алға», «Мулан», «Жан», ал енді «Энканто» фильмінің кейіпкерлері сөйледі.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.