Алматыда премиум санатындағы тұрғын үй кешені тапсырылды

        18 маусым 2020

        Маусымның 6-сы күні BI Group компаниясы Алматыда өзінің премиум санатындағы алғашқы нысанын тапсырды. Оңтүстік астананың ең таза экологиялық орындарының бірінде, Әл-Фараби және Асқаров көшелерінің бойындағы "Жайлау" гольф-клубы мен Тұңғыш Президент саябағы жанында орналасқан Hyde Park тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің пәтер кілттеріне 52 отбасы ие болды. 

              "Көп адамдарды карантиндік режимнің үй құрылысына қалай әсер еткендігі қызықтырады. Иә, бұл жағдай біздің жұмысымызға шамалы әсерін тигізді. Шекаралардағы кідірістерге байланысты, шетелден келетін терезе және витраж жүйелерді жеткізуде біршама қиындықтар туындады», - дейді жобаның бас инженері Жүнісбаев Бекзат. Сондай-ақ ол көгалдандыру бойынша уәде етілген барлық жұмыстың орындалғанын атап өтті. Кешен аумағында 1200 түп боз арша, 100-ге жуық ағаш түрі мен 770 ш.м. гүлзар отырғызылды. Ішінде Workout аймағы мен балалар алаңы бар тамаша бақ салынып, ағылшын классикасының үздік дәстүріндегі бұталардан лабиринт жасалды.

              – Біздің компания үшін бұл Алматы қаласындағы премиум санаттағы алғашқы жоба. Бұған ұқсақ тұрғын үйлерді Нұр-Сұлтанда салдық –  Париж, Милан және Британ кварталдары. Біз клиенттердің барлық идеялары мен тілектерін осы кешенде жүзеге асыруға тырыстық. Тұрғындарға BI Group компаниясына деген сенімі үшін алғыс айтып, олар өз үйлерінде бақытты болады деп үміттенеміз, - деп атап өтті BI Group Almaty директоры Айдос Мұқатаев.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.