Ағылшынша өмір: Алматыда премиум санаттағы кешен пайдалануға берілді

Тыныштықтағы өмір қандай болады?
Қаладағы қарбалас алыста қалады, ал терезеңізден Іле Алатауына ғажайып көрініс
ашылады.
BI Group құрылыс холдингі Hyde Park кешенінің екінші кезегін тапсырды. Тұрғын
үй кешені Алматының шағын, элиталық және экологиялық қауіпсіз Мирас ауданында орналасқан.
Оңтүстік астана тұрғындары екі жыл бұрын BI Group таныстырған бірінші премиум
санаттағы кешенді жоғары бағалаған еді. Үйлер ескі ағылшын сәулетінің мысалы
болып табылады. Hyde Park-тың бірінші кезегі өткен жазда пайдалануға берілді.
Компания үшін айрықша кешен айналасындағы жасыл желектердің көптігімен ерекшеленеді.
Кешен аумағында
"жасыл" қоршау рөлін атқаратын 1200 боз арша көшеті отырғызылды. Ішкі
аула серуендеу аллеясымен, күркелермен, субұрқақ, балалар және спорт
алаңдарымен жабдықталған. Кешеннің ландшафтық дизайнын белгілі сәулетші Роман
Шнайдерман жасаған.
"Екінші кезекте түрлі
жоспарланған 52 пәтер ұсынылған. Кешеннің тұжырымдамасына сәйкес, дизайнның
негізгі бағыты – ағылшын классикасы. Құрылыста қолданылатын барлық материалдар
шетелде өндірілген. МДФ панельдермен және купеде жиһаз бен суреттері бар
мәрмәрмен безендірілген кең холлдар клиенттерге жайлылық сыйлайды. Hyde Park
командасы үшін бұл маңызды жоба, сондықтан біз оның әрбір тұрғыны өз пәтерінде
бақытқа бөленеді деп үміттенеміз", - дейді жобаның бас инженері Бекзат
Жүнісбаев.
Екі кезек те ағылшын неоклассицизм
стилінде жасалған. Үлкен витражды терезелер мен әсем сәулет элементтері
дәстүрлі ағылшын сарайларының бейнесін сипаттайды. Төмен қабатты үйлердің
бірінші қабаттары мен шатырларында террассалар қарастырылған. Пәтердегі қосымша
кеңістікті үш метрлік төбелер мен панорамалық терезелер тудырады. Мінсіз пропорциялар
de luxe санатының талаптарынан асып түсіп, ерекше интерьер жасауға
шабыттандырады.
Сондай-ақ мұнда жаңа технологиялар қолданылған. Hyde Park тұрғын үй
кешенінің барлық пәтерлері "ақылды үй"жүйесімен жабдықталған.
Тұрғындар қауіпсіздікті, басқа да жүйелерді қашықтан басқара алады. Big App
қосымшасы арқылы пәтер иелері жайлы тұрғын үйдің артықшылықтарын толық сезінеді.
Қозғалыс, өрт, су ағып кету датчиктері, жарықтандыруды және желдетуді басқару,
кіру есігін әртүрлі тәсілдермен ашу, бет және саусақ іздерін танудың
биометриялық жүйесі, IP-домофондар – осының барлығы аталмыш үйдің тұрғындарына
қолжетімді. Осы жүйенің арқасында тұрғын үй кешені тәулік бойы біртұтас
организм ретінде жұмыс істейді.
Тәулік бойғы күзет пен
бейнебақылау жүйесі тұрғын үй кешенін қауіпсіз етеді. Одан бөлек, үйдің аулалық
бөлігіне тек кешен тұрғындары ғана кіре алады. "Көліксіз аула"
тұжырымдамасы ауаның ластануын азайтып қана қоймай, еш қорқынышсыз балаларды
серуендеуге жіберуге мүмкіндік береді. Автокөлік иелері үшін жерасты және
қонақтарға арналған тұрақ бар.
Аулада көгалдар, гүлзарлар,
серуендеу мен демалу, спорт және балалар алаңдары ұйымдастырылған. Аумақ ХІХ
ғасырдағы ағылшын стиліндегі заманауи шамдармен жарықтандырылған.
Алматыдағы Hyde Park кешені күнделікті өмірге қажетті қалалық инфрақұрылымы
дамыған ауданда орналасқан. Жақын жерде балабақшалар, мектептер және басқа да
білім беру мекемелері бар. Сонымен қатар, бірер қадам жерде дүкендер, кафелер,
салондар және т. б. орналасқан.
Қазір
Hyde Park-та жылжымайтын мүлік сатып алудың соңғы мүмкіндігі қалды. Өйткені
сатылымда тек бір екі бөлмелі пәтер бар. Алматының архитектуралық көрікті
жеріне айналатын жылжымайтын мүлікті сатып алу мәселесі бойынша сіз сату
бөлімдерінің менеджерлеріне немесе 360 нөмері бойынша хабарласа аласыз. Ұялы
телефоннан қоңырау шалу тегін.