Оңтүстік мегаполис жүрегінде

        11 желтоқсан 2021

        Шуақты демалыс күндері Алматыдағы Central Avenue тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті. Кешен мегаполистің қақ ортасында, Сейфуллин даңғылындағы Forum СОО, Тұңғыш Президент қоры саябағы мен Республика алаңы маңында орналасқан.

        Central Avenue ТҮК – бұл бизнес санатындағы 12-21 қабаттан тұратын үйлер. Кешен артықшылығы – оның орналасқан жері. Жаяу қашықтықта саябақтар, мектептер, балабақшалар, университеттер, спорт және мәдениет орталықтары, сондай-ақ метро станциясы бар.

        Central Avenue ТҮК бірегей стилистикада жасалған: фасад пішінінің қатаңдығы, анықтығы мен ықшамдылығы оның жоғары деңгейін айшықтайды. Мұнда қос әйнектелген пластикалық терезелер орнатылса, ал каркас монолитті темірбетоннан, фасад жасанды тастан жасалған.

        Аула аумағы жабық және тәулік бойы бейнебақылауға алынған. Сондай-ақ, бұл жерде абаттандыру мен көгалдандырудың өзіндік бірегей тұжырымдамасы іске асырылатын болады.

        Әр қабатта 3-5 пәтерден бар. Ыңғайлы жерасты паркингі автомобильдерді ылғал мен жаңбырдан, қатты аяздан және ыстықтан қорғайды. Сондай-ақ, Central Avenue ТҮК-те жеке қоймалар қарастырылған. Бұл астыңғы қабатта орналасқан бөлмелерде артық заттарды сақтау өте ыңғайлы.

        Ашық есік күнінде болашақ тұрғындар мен олардың әлеуетті көршілері құрылыс барысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, олар өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді. 

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.