Алматы тауларында ұлттық әткеншек пайда болды

Өткен аптада Алматының таулы аймағындағы Көкжайлау бағытының құрылысы аяқталды. BI Group компаниясы құрылыстың аяқталу кезеңінде үш жұп ұлттық әткеншек – алтыбақан орнатты.
«Тауға шыққан туристер ұлттық әткеншек теуіп, уақыттарын қызықты өткізетіндеріне қуаныштымын. Алтыбақан – ежелден жастардың сүйікті бас қосатын жері. Қазіргі заманда мұндай әткеншекке балалар ғана емес, үлкендер де риза. Ұлттық атрибуттарымыз бен салт-дәстүрлерімізді шетелдік қонақтар жақсы көріп құрметтейді. Сондықтан олар әткеншектерді қуана пайдаланып, осы жерде фотосессиялар ұйымдастырады, содан кейін олар туралы өз елдерінде айтып береді деп ойлаймын. Ең бастысы, алтыбақан мен басқа да игіліктерді мұқият пайдалану керек, сізден кейін оларды тағы да көптеген турис пайдаланатынын есте сақтаңыз», - дейді жоба бригадирі Данияр Рамазанов.
BI Group компаниясы осыған дейін «Бақыт жолдары» жобасы аясында 42 орындық, 11 бағана, 7 күрке, 3 стелла, 3 ақпараттық шот, көпір мен экодәретхана орнатқандығын естеріңізге сала кетейік.
Сондай-ақ компания жоба аясында 2021 жылы Алматы қалалық Туризм басқармасымен бірлесіп, тауда саятшылық құратын орындар орнатқан болатын. Туристерге арналған үйшіктер тегін беріледі, құтқарушыларды шақыруға арналған дабыл түймелері қойылып, отын, азық-түлік, алғашқы медициналық көмек қобдишасы сияқты қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған.